Өлең, жыр, ақындар

Ерлан Сағадиев: Халықтың 85% ағылшын тілінде сабақ беруді қолдады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 10-11 сыныптарда төрт пәнді ағылшын тілінде оқытуға дайындық жұмыстары жөнінде баяндады.

Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында берілген тапсырма еді.  

"10-11 сыныптарда 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту үшін оқулықтарды, методикалық кешенді дайындау, экспертиза жасау және апробациялау, мұғалімдердің дайындығын арттыру сынды жұмыстары жүріп жатыр. Және бұл мәселе бойынша ата-аналармен, мұғалімдермен, мектеп директорларымен талқылауды жалғастырамыз. Себебі, бізге дайындықты нақты түсіну қажет. Бірнеше өзгерістер болады, оны оқу жылының аяғында бүкіл қоғамға жеткіземіз, - деді Е. Сағадиев ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысында.

Министрдің айтуынша, жоғары сыныпта кей пәндерді ағылшын тілінде өтуге халықтың басым бөлігі оң қабақ танытып отыр.

«Қазіргі еріктілік принципі оң ықпалын тигізіп отыр. Елімізде 12 мыңнан астам мұғалімдер ағылшын тілінің А2 деңгейінен В2 деңгейіне өту үшін ерікті курстарға жазылды. Бұл - бізге қажетті мұғалімдердің жартысы. Олар өткен жылдан бері оқып келеді. Көптеген директорлар осы тәсілді дұрыс деп санайды, яғни ешкімді тіл оқуға мәжбүрлемеу керек. Ал оқығысы келгендерге - бар жағдайды жасау керек. Халықтың 85 проценті - мұғалімдер, ата-аналар мен балалар бірқатар пәндердің ағылшын тілінде жүргізілгенін қалайды. Сондықтан, мұны тиімді пайдалану керек", - деп өз сөзін түйіндеді министр.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Марат

Мынау өтірік ақпарат. Халық бір неше жылдан бері осы үш тілділікті дұрыс пайдалану жөнінде әлі нақты шешімге келе алмай жатыр.
Мынаныкы қай жақтан шыққан ақпарат?

Сауле

Одан да агылшын тили сагаттарын кобейту керек еди. Ар клсака аптасына мейли 6 сагаттан окытса да. Баска сабактарды агылшын тилинде сосын 10-11 сыныптарда окытсын. Агылшын тилин уйренип алгансын

Мейзкүл

Өтірік

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар