Әлемдегі барлық эскалаторлар басқыштарын неліктен ойлы-қырлы етіп жасайды? — Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміндегі материал.
Материал — эскалатор, жылжымалы баспалдақ, баспалдақ, tandauly — осы тақырыптарға байланысты.
Жоғары көтеріліп-түсетін өнертабыс 1896 жылы Нью-Йорктегі «Кони-Айленд» саябағында туристердің көңілін көтеру үшін пайда болды. Алғашқыда ол енсіз жұқа тақтайшалы тегіс резеңке таспа түрінде болған. Ал бүгінде миллиондаған адамдар кедір-бұдыр басқыштары бар заманауи эскалаторларды күнделікті пайдаланады. Баспалдақтың мұндай күрделі сыртқы түрі дизайнерлердің ойлап тапқаны емес, бұл үлкен механизмнің өте маңызды элементі.
Мұндай күрделі конфигурациялардың қандай қызмет атқаратынына назар аударып көрейік.

Қыс және күз айларында эскалатордың басқыштарына ылғал жиналып қалады да, жолаушылардың тайғанап, құлап қалуы айтарлықтай артып кетеді. Көлемді тік жолақтар дәл осы нәрседен қорғайды: олар жолаушының аяқ киімінің табаны мен басқыш арасындағы жабысуды жақсартады. Ал жолақтар арасындағы ойықтар ылғалды кері қайтару үшін қажет.

Элекрлі баспалдаққа кейде орамалар, қаптамалар және басқа да майда қоқыстар түсіп кетеді. Егер басқыштар тегіс болғанда, онда оның бәрі «тараққа» (таспа жолдың соңында түзу сызыққа жиналады) кетіп қалады. Соның кесірінен қозғалыс құралы белгілі бір уақытқа дейін тоқтап қалар еді. Торлы жабындының арқасында олай болмайды: барлық ірі қоқыстар төсемнің сыртына шығып қалады.

Ұстағышты айналдырып тұратын дискілер уақыт өте келе желініп, ұстағыштың жылдамдығы азая береді. Бұл эскалаторға жөндеу жұмыстары керек дегенді білдіреді.
Мұндай елеусіз, бірақ жақсылап ойластырылған бөлшектерсіз біз жоғарыға жиірек жаяу көтерілер едік және электрлік баспалдақта тайғанап кетер едік. Бірақ бақытымызға орай, эскалаторлардың тоқтап қалуы сирек орын алады. Ал одан оңайлықпен тайғанап, құлап кетпейсіз.
Дереккөзі: adme.ru
Бұл бетте Әлемдегі барлық эскалаторлар басқыштарын неліктен ойлы-қырлы етіп жасайды? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Әлемдегі барлық эскалаторлар басқыштарын неліктен ойлы-қырлы етіп жасайды? материалы Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі