Жыл соңына дейін Маңғыстауда облыс бойынша барлық 134 мектеп пен 111 денсаулық сақтау мекемелерін «Қазақтелеком» АҚ-мен бірге жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Маңғыстау облысындағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тапсырмаларын орындауға бағытталған «Жол картасына» қол қойып, алдағы жүргізілетін жұмыстарды нақты бекітті.
«Қазір аймақтағы барлық білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізудің өзекті міндеті тұр. Маңғыстауда мектептердің 55% -ы және медицина мекемелерінің 8%-ы 10 Мбит/с жылдамдықтағы төмен интернетті қолданады. Бұл «Қазақтелеком» АҚ-мен бірге жыл соңына дейін шешіледі», – деп айтты Ералы Тоғжанов.
Бүгінге дейін облыстың 61 ауылының 34-і талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылған. Жол картасына сәйкес, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы аясында 2018 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта өңірдегі тағы 10 ауылды осындай байланыс желілерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«Біз облыста талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, ең басты басымдықтардың бірі - ауылдық елді мекендерге және әлеуметтік маңызы бар объектілерге жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізу міндеті. Батыс РТД басқаруына тиісті нұсқаулар берілді», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда аймақтағы қызықты жобалардың бірі «Цифрлы аудандар» жобасы болып табылады. Жоба бойынша Бейнеу және Қарақияқ аудандарына цифрлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету көзделген.
Айта кетейік, кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасындағы әріптестік ынтымақтастықтың маңызды бағдарламаларының бірі «Smart City» пилоттық жобаларын бірлесіп жүзеге асыру қарастырылды. Осылайша, Ақтауда «Цифрлық шағын аудан» пилоттық жобасы шеңберінде энергия, жылу және су есептегіштерін қашықтан жинауға арналған жүйені енгізу үшін 500-ден астам «Ақылды үй» және базалық станциялар орнатылады.Бұдан басқа, биылғы жылы «Қазақтелеком» АҚ Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 250 тұрғын үйге 2000 бейнебақылаулар орнатады, осылайша көп қабатты сектордың 62 мыңнан астам тұрғыны сымсыз бейнебақылау қызметтеріне қосылмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі