Британиялық дипломмен - ауылға. Ұлыбританияда білім алып жатқан PhD студенттер оқулары аяқталған соң, ауыл білімін көтеруге атсалыспақшы. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Олар қолға алған Global Village Schools жобасының мақсаты - ең үздік әлемдік тәжірибе бойынша ауылдарда жоғары сапалы бастауыш және орта білім беретін мектептер ашу.
Жоба мақсаты кез келген ауыл оқушысына әуелгі мүмкіндіктері мен академиялық қабілеттеріне қарамастан тұрғылықты жерінде сапалы білім алуына жағдай жасау. Білім Финляндия, Норвегия, Исландия сияқты елдердің озық үлгілері мен тәжірибелеріне сәйкес берілмек. PhD студенттер мұғалімдерге сарапшылық тұрғыда қолдау көрсетіп, олардың қосымша білім алуына және менеджерлік қабілеттерінің артуына көмектесетін болады.
«Мәселен, сапалы білім алу үшін үлкен қалалар мен орталықтарға барудың қажеттілігі болмайды. Олар астаналық мектеп бітірушілерімен бәсекеге қабілетті бола түседі. Ең бастысы, жаңа мектептер салу арқылы ауылдарда жаңа жұмыс орындары ашылады. Осылайша ауыл жастарының қалаға ағылу легін тоқтатуға тырысатын боламыз», - дейді Лестер университетінің PhD студенті Халида Әжіғұлова.
Бастаманың авторлары Ұлыбритания мен Ирландиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының мүшелері. Олар әрқашан еліміздің тұрақты дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.
«Біздің докторанттардың 30% британиялық университеттердің есебінен оқып жатқан студенттер. 70% «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатыр. Яғни біздің қауымдастықтағылар британиялық университет гранттарының иегері бола тұра елге оралып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға атсалыспақ», - дейді Қазақстандық докторанттар қауымдастығының президенті Әлия Сембаева.
Бастамашы топ қазір ивесторлар мен білім саласындағы ниеттес адамдарды іздестіріп жатыр. Олар ойлағандары жүзеге асып, қазақстандық ауылдардың тұрақты дамуына себепші болатындықтарына сенімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі