Жақында е-коммерцияға арналған банк карталары іске қосылмақ

Басты бет / Қазақстан жаңалықтары / Жақында е-коммерцияға арналған банк карталары іске қосылмақ

Жақында е-коммерцияға арналған банк карталары іске қосылмақ — Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — Қазпошта, электрондық сауда, Онлайн-сауда — осы тақырыптарға байланысты.

Жуырда «Қазпошта» АҚ-ның бастамасымен электрондық саудаға арналған Visa және MasterCard карталары айналымға шығарылады. Бұл өз кезегінде әлемдік қаржылық қызметтерді тұтынуға жағдай жасайды, - деп хабарлады «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов өзінің Facebook парақшасында.

«Жақында біз Visa мен MasterCard халықаралық төлем жүйелері бойынша халықаралық сертификаттауды аяқтадық. Бұл бізге жаһандық транзакциялар мен қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз», – деді С. Сарсенов.

Ал әлемдік пошта одағы еліміздің электрондық коммерцияға дайындығын жоғары деңгейде деп бағалады. Бұған пошта желісіндегі цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы ықпал етсе керек.

«Біз бүкіләлемдік пошта одағының (БПО) өкілдерімен кездестік. Олар Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі пошта операторларына көмектеседі. Яғни, «Электрондық саудаға жедел дайындық» жобасы үшін модернизациялық өндірістік процестерді жүзеге асыру мақсатында жәрдемдеспек. Қазіргі таңда бюро қызметкерлері Қазпоштаның е-коммерцияға дайындығына баға  берді. Олар біздегі жөнелтім супермаркеті, цифрлық кеңселерімізді және дрондар арқылы корреспонденциялау атты жобаларымызды жоғары бағалады», – дейді  «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, Алматыдағы «MOSKVA metropolitan» атты сауда-ойын-сауық орталығында электронды кассир жұмыс істеуде. Мұның қызметімен карталарды пайдалануға, ірі көлемдегі қаржыларды аударуға болады.

Айта кетейік, Қазақстандағы е-коммерция жыл сайын 30 пайызға артып келеді. Онлайн-сауда арқылы ел тұрғындары көбіне денсаулыққа қажетті тауарларды, тұрмыстық жиһаздарды, техника мен электрониканы, балаларға арналған ойыншықтарды сатып алады екен.  Бір қызығы – әйелдер қауымы ерлерге қарағанда 8 есеге артық онлайн-сауда жасайды екен. Ал әлемдік зерттеушілер болса еліміздегі тұтынушылардың 70 пайызы мобильдік құрылғылардан кіретінін алға тартып отыр. Ал бұл көрсеткіш Украинада – 43 пайыз, Белорусияда – 35 процентті құрайды.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақында е-коммерцияға арналған банк карталары іске қосылмақ деген не?

Бұл бетте Жақында е-коммерцияға арналған банк карталары іске қосылмақ тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жақында е-коммерцияға арналған банк карталары іске қосылмақ материалы Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар Қазпошта тақырыбындағы материалдар электрондық сауда тақырыбындағы материалдар Онлайн-сауда тақырыбындағы материалдар