Қазпоштаның электронды қызметтері күн санап артуда

Басты бет / Қазақстан жаңалықтары / Қазпоштаның электронды қызметтері күн санап артуда

Қазпоштаның электронды қызметтері күн санап артуда — Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — Қазпошта, электронды қызмет — осы тақырыптарға байланысты.

Қазпоштаның қызметтері енді электронды түрде көрсетіледі. Яғни, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары мен роботтардың көмегімен барлық қажетті қызметтерді ала аласыз. Бұл туралы aigak.kz ақпараттық агенттігі жазды.  

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазпоштаның «Трансформация» бағдарламасының аясында бүгінде компанияда электронды қызметтер жиі көрсетілуде.

«Электронды қызметті қолданушылардың алғашқысы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов болды. Қала әкімі интернет арқылы сауда жасауға арналған карточканы, тапсырыс бергеннен кейін небәрі 10 минутта қолына алды. Осы секілді Қазақстан қалалары арасында жедел хаттар жолдау, коммуналды төлемдер де электронды түрде болмақ», – делінген басылымда.

Бұған қоса, Қазпоштаның цифрлық кеңселері де көбірек бой көтеріп жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 7 цифрлық кеңсе бар. 7-шісі Шымкент қаласында ашылған болатын. Алдағы уақытта Түркістан қаласында ашылады деп жоспарлануда. Пошта желісі бизнес пен халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті сонымен қатар қаржылық қызметтерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.  

Қазпошта арқылы коммуналдық төлемдер, салық және басқа да төлем түрлері, ақша аударымдары, депозит салымын қабылдау, халықаралық төлем карточкаларын рәсімдеу, жеке және заңды тұлғаларға банк шотын жүргізу мен ашу, зейнетақы, еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін қабылдау, әуе және темір жол билеттерін сату, несие (Банк ХоумКредит арқылы) төлеу, несиелік бюро, трансфер-агенттік, шетелден интернет-дүкен арқылы тапсырыс қабылдау сынды қызметтерді алуға болады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазпоштаның электронды қызметтері күн санап артуда деген не?

Бұл бетте Қазпоштаның электронды қызметтері күн санап артуда тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазпоштаның электронды қызметтері күн санап артуда материалы Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар Қазпошта тақырыбындағы материалдар электронды қызмет тақырыбындағы материалдар