Дүниедегі қызықтың

Бұл бетте «Дүниедегі қызықтың» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 0
  • 8683
Дүниедегі қызықтың
Бәрі де арам мен үшін.
Дауасы жоқ бұзықпын,
Талпынбаймын ем үшін.
Туысқаным – қабір құшағы,
Қашан ол келіп құшады.

Ойланып һәм шарланбай,
Құтылған жоқ менен ой.
Ешбіреуін малданбай,
Сенді қатты тұла бой.
Болсам деген үміттің
Бәрінен бездім, ұмыттым.

Аямады еш уақыт,
Дүние маған ашуын.
Алыстады һәм бақыт
Тоңтатпастан қашуын.
Қаматпай жүрек тасқынын,
Босатсын дүние қашқынын.

Зылиқасын көрсе де,
Жүрек енді ашылмас.
От, жалындар енсе де,
Махаббатқа бас ұрмас.
Дос іздедім, қамдандым;
Таба алмадым, алдандым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниедегі қызықтың өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

Дүниедегі қызықтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниедегі қызықтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниедегі қызықтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері