Бұл бетте «Маңайымнан әрмен кет» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,
Құр бояма қызыл бет.
Анадай тұрып қарасам,
Жанды ерітер жандайсың:
Жуып кетсем маңыңа
Екі аяқты малдайсың.
Сондай бола тұрып та
Өз-өзіңе қандайсың.
Бір көрмеге асылсың,
Көл көрмеге масылсың.
Тек ішіп-жеп жүк тартар
Сарттар мінген қашырсың.
Не сөйлерге тілің жоқ,
Не сөз ұғар білім жоқ,
Саған кімдер бас ұрсын?
Бірақ жазық қазақта:
Ұлы-қызы мазақта.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі