Альдегидтер, RСНО-құрамында көміртек радикалымен байланысқан альдегид тобы бар органикалық қосылыстар. Ол спирттер құрамындағы сутектің екі атомын алып тастағанда түзіледі. «Альдегид» деген атаудың өзі де аlсаһоl dеgіdrоgеnаtus деген латын сөздерінің (сутектен айырылған спирт) алғы буындарынан құралған. Альдегидтер өз құрамындағы қышқыл атымен аталады. Мысалы, құмырсқа қышқылынан құмырсқа альдегиді не формальдегид (НСНО), сірке қышқылынан сірке альдегиді не ацетальдегид (СН3СНО), т.б. түзіледі. Тиісті көмірсутекке «аль» жалғауы жалғанып, метаналь (НСНО), этаналь (СН3СНО), т.б. деп те аталады. Альдегидтерге спирттік және қышқылдық қасиет тән. Ол тотығу-тотықсыздану реакциясына бейім, мұның нәтижесінде күрделі эфир не спирт және қышқыл түзіледі. Сондай-ақ альдегидтер полимерлену және конденсаттану реакцияларына өте бейім келеді. Альдегидтер полимерлер, дәрі-дәрмектер, көмірсулар, синтетикалық бояу, т.б. заттар алу үшін қолданылады. Өндірісте альдегидтер спирттерді тотықтыру немесе дегидраттау арқылы алынады.
Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады.
Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Құрамында еселі байланыс болғандықтан, карбонилді қосылыстарға қосылу реакциясы тән. Қосылатын реагенттің теріс зарядталған бөлігі көміртек атомына, ал оң зарядталған бөлігі оттек атомына қосылады. Басқа органикалық қосылыстармен салыстырғанда, альдегидтерде карбонилді топпен байланысқан С — Н байланысының белсенділігі жоғары және реакцияға жеңіл түседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі