Құлын, қозы, лақ

Басты бет / Қазақша ертегілер (1000+) / Құлын, қозы, лақ

Құлын, қозы, лақ — Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі материал.

Материал — Құлын, қозы, лақ, төрт түлік мал — осы тақырыптарға байланысты.

Жаз. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын қызық екенін талқыға салды.

Сөзді ақ лақ бастады.

— Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан лақтың сөзін жаратпады.

— Секіріп, атылып ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарға сарт-сұрт сүзгізу. Әрі күшің толады, әрі бұлшықетің қатаяды.

— Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік, — деді құлын.

Үшеуі қызылкеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры келісе алмай, әрқайсысы өз жөндеріне кетті.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Айдана

қазақ әдебиеті нен қатьы көмектесті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлын, қозы, лақ деген не?

Бұл бетте Құлын, қозы, лақ тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Құлын, қозы, лақ материалы Қазақша ертегілер (1000+) бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақша ертегілер (1000+) бөліміндегі басқа материалдар Құлын тақырыбындағы материалдар қозы тақырыбындағы материалдар лақ тақырыбындағы материалдар төрт түлік мал тақырыбындағы материалдар жануарлар туралы ертегі тақырыбындағы материалдар