қазақ есімі. ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.
ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.
ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
қазақ сөзі - ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
қазақ сөзі ай + араб сөзі морад - мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған.
қазақ есімі. ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.
араб тілінен алынған эйдь — айт мейрамы, иран тілінен алынған акун — өлең шығарушы, жыршы. Айт мейрамы күні туған балаға осындай ат қойылатын. Біріккен тұлғалы есімдер - Айтбай, Айтжан, Айтбек.
қазақ сөздернен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.
ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
ай және темір қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала айдағы темірдей мықты әрі берік болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.
қазақ есімі. ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген.
қазақ есімі. ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.
қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.
араб тілінен алынған әхәд— бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім.
қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.
қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.
қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.
өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.
қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.
есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінін тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады.
ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.
бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.
қазақ тілінен ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.
араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.
иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.
араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім.
баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.
қазақ есімі. бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.
көне түркі тілінен алынған— қу — айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.
иран тілінен алынған алмас — ең асыл, қатты тас. Біріккен тұлғалы есімдер. Алмасбай, Алмасбек, Алмасхан.
алп — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.
бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.
моңғол тілінен келген алтан — алтын, тай-таг — тау. Алтай тауының атынан қойылған кісі есімі. Біріккен тұлғалы есімдер — Алтайбай, Алтайбек.
саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.
қазақ сөздері алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.
қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.
араб тілінен алынған аман + қазақтың сөзі келді. Бала дүниеге, өмірге аман-сау келді, өлмей тірі туды деген мағынада қойылған есім. Қазіргі кезде бұл есім азамат соғысының батыры, Қазақ халқының ардагер ұлы Амангелді Иманов есімі ретінде, оның құрметіне жиі қойылады. Еркелетіп айту түрі — Амантай.
иран тілінен алынған анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деп қойылған есім. Оның Анарбек, Анартай, Анаржан деген тұлғалары да бар.
қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.
қазақ есімі, Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.
иран тілінен алынған — тілек, арман, мақсат. Еркелету тұлғасы Арманжан, Армантай, Армаш.
қазақ есімі, бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. біріккен тұлғалар — артықбай, артыққали.
қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.
араб тілінен алынған хасан - сұлу, тым көркем, өте әдемі. Біріккен тұлғалы есімдер — Асанбай, Асанбек, Асанғали, Асангелді, Асанхан, Асанжан, Асанмұрат, Асанқожа.
бұл сөз кісі аттарына қосылып, құрметті, қасиетті адамдарды қадірлеп, сыйлау мағынасында айтылған.
қазақ есімі, — тәрбиеші, ұстаз. XII—XVIII ғ.ғ. Орта Азияда, Қазақстанда, Азербайжанда, Грузияда және Арменияда балаларды тәрбиелеушіні осылай атаған.
қазақ тілінен алынған ата + иран тілінен алынған нияз - өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Бала ата тілегі, ата үмітін ақтасын деген тілекпен қойылған есім.
қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.
қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.
қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.
жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.
араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі