Өлең, жыр, ақындар




Әбиба

Араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.


Есімге сілтеме: Әбиба

Әдемі

Қазақтың сөзі көркем, әсем.


Есімге сілтеме: Әдемі

Әдиба

Араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.


Есімге сілтеме: Әдиба

Әдила

Араб тілінен алынған әдил-ғадія - әділдік, шыншылдық, турашыл.


Есімге сілтеме: Әдила

Әдина

Парсы тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген; жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.


Есімге сілтеме: Әдина

Әдия

Араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.


Есімге сілтеме: Әдия

Әзиза

Араб тілінен — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.


Есімге сілтеме: Әзиза

Әзима

Араб тілінен — ұлы, мәртебелі әйел.


Есімге сілтеме: Әзима

Әйгерім

Әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне таңданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.


Есімге сілтеме: Әйгерім

Әйнек

Араб тілінен алынған эйн — көз; қайнар бұлақтың көзі.


Есімге сілтеме: Әйнек

Әлемгүл

Әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.


Есімге сілтеме: Әлемгүл

Әлима

Араб тілінен алынған ғалима — оқымысты, ғалым әйел.


Есімге сілтеме: Әлима

Әлипа

Араб тілінен алынған алиф — қолға ілінген, дос, жолдас; араб әліппесіндегі бірінші әріп.


Есімге сілтеме: Әлипа

Әлия

Араб тілінен алынған — құны, бағасы артық, биік, жоғары; қымбатты, сүйікті; мәртебелі, көрікті қыз.Түрлері - Ғалия, Қалия, Әлиша.


Есімге сілтеме: Әлия

Әлфия

Араб тілінен — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.


Есімге сілтеме: Әлфия

Әмила

Араб тілінен - қызметші, жұмыскер.


Есімге сілтеме: Әмила

Әмина

Араб тілінен — адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.


Есімге сілтеме: Әмина

Әмира

Араб тілінен алынған әмір - әкім, бастық, билеуші; нұсқау, жарлық, бұйрық.


Есімге сілтеме: Әмира

Әнапия

Араб тіліндегі неби — «пайғамбар» сөзінін көпше түрі.


Есімге сілтеме: Әнапия

Әниса

Араб тілінен - дос, жолдас.


Есімге сілтеме: Әниса

Әрипа

Араб тілінен алынған ариф — есім. Білгір, түсінгіш, дана, данышпан.


Есімге сілтеме: Әрипа

Әсел

Араб тілінен алынған аселъ — бал.


Есімге сілтеме: Әсел

Әсем

Сән, көрік, әдемі.


Есімге сілтеме: Әсем

Әсемгүл

Гүл сияқты әдемі, көрікті, сұлу.


Есімге сілтеме: Әсемгүл

Әсемқан

Әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.


Есімге сілтеме: Әсемқан

Әсима

Араб тілінен алынған асим - қорғаушы, жақтаушы.


Есімге сілтеме: Әсима

Әтина

(қараңыз: Әдина).


Есімге сілтеме: Әтина

Әлиша

(қараңыз: Әлия).


Есімге сілтеме: Әлиша

Әужа

Араб тілінен - ең қымбат, ең асыл.


Есімге сілтеме: Әужа

Әбдуәли

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + уали (әкім, әмір, басқарушы, үкімет уәкілі).


Есімге сілтеме: Әбдуәли

Әбді

араб тілінен алынған — Абд (құл = араб. عبد )


Есімге сілтеме: Әбді

Әбдібай

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + қазақ сөзі бай.


Есімге сілтеме: Әбдібай

Әбдібақи

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + бақи (мәңгі, мәңгілік, яғни мәңгі жасаушы).


Есімге сілтеме: Әбдібақи

Әбдібақит

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + бақит.


Есімге сілтеме: Әбдібақит

Әбдібек

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + қазақ сөзі бек.


Есімге сілтеме: Әбдібек

Әбдіғазиз

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + ғазиз (ұлы).


Есімге сілтеме: Әбдіғазиз

Әбдіғали

араб тілінен алынған Абд (құл = араб. عبد ) + ғали (қымбатты, қадірлі, сүйікті, яғни аса қымбатты, қадірлі, артық, қашанда сүйікті, сүйкімді). Еркелете қысқарту тұлғасы — Әбдеш, Әбікен.


Есімге сілтеме: Әбдіғали

Әбдіғаппар

араб тілінен алынған ғабд + ғаффар — кешіруші. Кешірімді әміршінің, жаратушының құлы.


Есімге сілтеме: Әбдіғаппар

Әбдіғожа

араб тілінен алынған ходжа — мырза, мұғалім үйретуші ие.


Есімге сілтеме: Әбдіғожа

Әбдіжаппар

араб тілінен алынған джәббар — құдіретті, күшті.


Есімге сілтеме: Әбдіжаппар

Әбдіжәміл

араб тілінен алынған ғабд + жамил - сұлу, өте әдемі, сүйкімді; қайырымды ақкөңіл, сыпайы.


Есімге сілтеме: Әбдіжәміл

Әбдікәрім

араб тілінен алынған ғабд + карим — қолы ашық, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді, әдемі.


Есімге сілтеме: Әбдікәрім

Әбдіқадыр

араб тілінен алынған ғабд + қадир құдіретті, артықшылық, лайықты, басымдылық деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Әбдіқадыр

Әбдіқайым

араб тілінен алынған ғабд + каим, мәңгі өмір сүретін, мәңгілік.


Есімге сілтеме: Әбдіқайым

Әбдіқаиыр

араб тілінен алынған ғабд + каир — жақсы, мейірман, мейірімді, жақсылық қылушы, қайырымдылық жасаушы.


Есімге сілтеме: Әбдіқаиыр

Әбдіхалық

араб тілінен алынған ғабд + халық, жұрт, қауым, ел, халықтың, елдің қызметшісі.


Есімге сілтеме: Әбдіхалық

Әбдімәжит

араб тілінен алынған ғабд + мажит — күшті, атақты, даңқты. Атақтылардың, даңқтылардың қызметшісі.


Есімге сілтеме: Әбдімәжит

Әбдіманап

араб тілінен алынған ғабд + манап - ақсүйек, асылзада. Қысқартып еркелетіп айтылатын түрі — Әбдеш.


Есімге сілтеме: Әбдіманап

Әбдімәлік

араб тілінен алынған ғабд + малик — патша. Патшаның қызметшісі.


Есімге сілтеме: Әбдімәлік

Әбдінасыр

араб тілінен алынған ғабд + насыр жәрдем беруші, жеңімпаз.


Есімге сілтеме: Әбдінасыр

Әбдінұр

араб тілінен алынған - мәңгі жайнап, жасарып тұрушы.


Есімге сілтеме: Әбдінұр

Әбдірақым

араб тілінен алынған рахим — қайырымды, мейірімді, рақымды, мейрімділікті, рақымы түсушіліктің құлы. Қысқарған түрі — Әбдірақ.


Есімге сілтеме: Әбдірақым

Әбдірахман

араб тілінен алынған рахман — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Мейірімділіктің құлы. Қысқартылып Әбдірақ, Әбіш деп айтылады.


Есімге сілтеме: Әбдірахман

Әбдірашид

араб тілінен алынған рашид — саналы, ақылды, парасатты.


Есімге сілтеме: Әбдірашид

Әбдірәсіл

араб тілінен алынған расул — елші, уәкіл, хабаршы. Синонимдері — Абдрасіл, Әбдрасыл.


Есімге сілтеме: Әбдірәсіл

Әбдірзақ

араб тілінен алынған рәззак — өмірге ризық беруші. Синонимдері — Әбдіразақ, Әбдіраззақ.


Есімге сілтеме: Әбдірзақ

Әбдісамат

араб тілінен алынған самад — мәнгі, тұрақты, яғни мәңгі өмір сүруші. Синонимі — Әбсамат.


Есімге сілтеме: Әбдісамат

Әбдісалам

араб тілінен алынған сәлам — бейбітшілік, тыныштық. Тыныштықты, бейбітшілікті жақтаушы. Синонимі — Әбсалам.


Есімге сілтеме: Әбдісалам

Әбдісаттар

араб тілінен алынған сәттар — кешірімшіл, корғаушы; қорғау, қорған болу.


Есімге сілтеме: Әбдісаттар

Әбдісейіт

араб тілінен алынған сейидь, — мырза, бастық, қожа, яғни, мырзаның пендесі, орындаушысы деген мағынаны білдіреді. Түрлері — Әбдулсейіт, Әбсейт, Әбусейіт, Әбшейіт.


Есімге сілтеме: Әбдісейіт

Әбдіхамит

араб тілінен алынған хамид — мақтаулы, мақтауға лайық.


Есімге сілтеме: Әбдіхамит

Әбдішүкір

араб тілінен алынған шукран — құрметтеу, сыйлау, алғыс айту, мақтау, мадақтау.


Есімге сілтеме: Әбдішүкір

Әбет

араб тілінен алынған абад — мәңгілік, шексіздік, ұзақ өмір сүруші деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Әбет

Әбу

араб тілінен алынған абу — әке.


Есімге сілтеме: Әбу

Әбубәкір

араб тілінен алынған абу — әке + бикер — тұңғыш; кіршіксіз пәк, таза. Тұңғыштың әкесі деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Әбубәкір

Әбуғали

араб тілінен алынған абу — әке + ғали биік, жоғары, зор.


Есімге сілтеме: Әбуғали

Әбуғалым

араб тілінен алынған абу - әке + ғалим — оқымысты, ғұлама. Көп білетін білімді деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Әбуғалым

Әбунасыр

араб тілінен алынған абу - әке + наср — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз.


Есімге сілтеме: Әбунасыр

Әбусадық

араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.


Есімге сілтеме: Әбусадық

Әбутәліп

араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші; сұраушы; студент.


Есімге сілтеме: Әбутәліп

Әбіл

арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б.


Есімге сілтеме: Әбіл

Әбілғазиз

араб тілінен алынған ғазиз — күшті; сирек, бағалы; суйкімді, сыпайы, қадірлі.


Есімге сілтеме: Әбілғазиз

Әбілғазы

араб тілінен алынған ғази — жауынгер, әскер.


Есімге сілтеме: Әбілғазы

Әбілқайым

араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші.


Есімге сілтеме: Әбілқайым

Әбілқайыр

араб тілінен алынған хаир - мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.


Есімге сілтеме: Әбілқайыр

Әбілпейіз

араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық; жомарттық байлық; жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Әбілпейіз

Әбілқан

қазақ тілінде хан — әмірші. әміршінің әкесі деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Әбілқан

Әди

араб тілінен алынған ады — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы.


Есімге сілтеме: Әди

Әділ

араб тілінен алынған ғадил — әділдік, шыншылдық, ақиқаттық, дұрыстық. Біріккен тұлғалы есімдер — Әділбай, Әділбек, Әділғазы, Әділхан, Әділжан, Жанәділ, Бекаділ, Нұрәділ, Жүмәділ, т. б.


Есімге сілтеме: Әділ

Әбілқасым

араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі.


Есімге сілтеме: Әбілқасым

Әжібай

көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.


Есімге сілтеме: Әжібай

Әзел

араб тілінен алынған азил — мәнгілік, өмірлік.


Есімге сілтеме: Әзел

Әзербай

иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам.


Есімге сілтеме: Әзербай

Әзіз

араб тілінен алынған азизъ — қадірлі, қымбатты, құрметті, сүйкімді, аяулы, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзізбай, Әзізбек, Әзізқан, Әзізғали, Әзізғожа, Әзізәли, Әзізжан, Әзізсейіт. Еркелете қысқартып айту тұлғалары Әзізтай, Әзтай, Әзкен, Әзкеш. Түрлері — Ғазиз, Ғазис.


Есімге сілтеме: Әзіз

Әзілхан

көне түркі тілінен келген азілу — мұрагерлік, рулық, тайпалық + хан.


Есімге сілтеме: Әзілхан

Әзім

араб тілінен алынған азимь — ұлы, үлкен атақты; күш, қуат, құдірет. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзімбай, Әзімхан, Әзімжан.


Есімге сілтеме: Әзім

Әкпар

араб тілінен алынған акбар — ұлы, өте үлкен, зор, құрметгі.


Есімге сілтеме: Әкпар

Әкрам

араб тілінен алынған әкремь — құрметті, сыйлы, мархабатты, мейірімді, нағыз мырза. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкрамбай, Әкрамбек.


Есімге сілтеме: Әкрам

Әкім

араб тілінен алынған хаким — дана, данышпан, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкімбай, Әкімбек, Әкімғожа, Әкімжан, Әкімнұр, Әкімтай, Әкімхан.


Есімге сілтеме: Әкім

Әлғазы

араб тілінен алынған әлқаузын — жаугер, шерік, қосын.


Есімге сілтеме: Әлғазы

Әли

араб тілінен алынған ғали — биік, аса зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Әлиайдар, Әлиасқар, Әлиахмет, Әлихан, Әлиақпар. Синонимдері — Ғали, Қали, Әлі.


Есімге сілтеме: Әли

Әлиайдар

араб тілінен алынған ғали , хәйдәр - арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты Әли. Қыскартылып айтылатын түрі — Әлкей.


Есімге сілтеме: Әлиайдар

Әлиасқар

араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Әлиасқар

Әлінұр

араб тілінен алынған ғали + нур — көркі, ажары артық, әдемі деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Әлінұр

Әліби

араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Әліби

Әлім

араб тілінен алынған ғалым — білімді, білгір, дана; оқымысты, ғалым. Біріккен тұлғалы есімдер Әлімбай, Әлімбек, Әлімжан, Әлімқұл, Әлімхан т. б. Түрі — Ғалым.


Есімге сілтеме: Әлім

Әлішер

араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік + шер — арыстан.


Есімге сілтеме: Әлішер

Әмет

араб тілінен алынған — мерзім, шек.


Есімге сілтеме: Әмет

Әмин

араб тілінен алынған — адал, сенімді; кауіпсіз, игілікті.


Есімге сілтеме: Әмин

Әмір

араб тілінен алынған — әкім, бастық; нұсқау. Біріккен тұлғалы есімдер - Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай. Синонимі — Міртай.


Есімге сілтеме: Әмір