Өлең, жыр, ақындар




Мәтіби

араб тілінен - би, қожа; беделді, күшті, үстем.


Есімге сілтеме: Мәтіби

Мәткәрім

араб тілінен - мақтауға тұратын адам, қолы ашық жомарт.


Есімге сілтеме: Мәткәрім

Мәтқасым

араб тілінен - мақтауға тұратын көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Мәтқасым

Мәтхалық

араб тілінен - халық мақтаған, халық колдаған.


Есімге сілтеме: Мәтхалық

Мәуе

араб тілінен - жеміс.


Есімге сілтеме: Мәуе

Мәулен

араб тілінен алынған мевлан - мырза, әкім; жарылқағыш, есіркегіш.


Есімге сілтеме: Мәулен

Мәшһүр

араб тілінен — көпке белгілі, атақты, даңқы шыққан.


Есімге сілтеме: Мәшһүр

Медет

араб тілінен алынған медәд - жәрдем, көмек. Біріккен тұлғалы есімдер - Медетбай, Медетбек.


Есімге сілтеме: Медет

Медетнар

араб тілінен алынған медед + қазақ сөзі нар — бір өркешті үлек түйе, яғни нар тәрізді демеуші, күшті, сенімді.


Есімге сілтеме: Медетнар

Медетхан

медет + қазақ сөзі хан, яғни ханның жәрдемшісі, демеушісі.


Есімге сілтеме: Медетхан

Медеу

араб тілінен алынған мәдәд — үміт, тірек.


Есімге сілтеме: Медеу

Медхат

араб тілінен алынған — медхад — мақтау, мадақтау.


Есімге сілтеме: Медхат

Мейіз

иран тілінен - жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.


Есімге сілтеме: Мейіз

Мейір

иран тілінен алынған меһр — мейірім, ынта, ықылас, қайырым.


Есімге сілтеме: Мейір

Мейірбек

аса мейірлі, мейірбанды.


Есімге сілтеме: Мейірбек

Мейіржан

иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.


Есімге сілтеме: Мейіржан

Мейірман

мейірімді, шафағатты, қайырымды адам.


Есімге сілтеме: Мейірман

Мейман

араб тілінен алынған мәһман — қонақ.


Есімге сілтеме: Мейман

Мейрам

мереке. Бала өмірі шат-шадыман, мерекеге толы болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.


Есімге сілтеме: Мейрам

Мейрамгүл

қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.


Есімге сілтеме: Мейрамгүл

Мекемтас

араб тілінен алынған мехкәм — берік, мықты, нық + қазақ сөзі тас. Бала өмірі тастай қатты, мықты, өмірі ұзақ болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Мекемтас

Мең

адам денесіндегі қал. Біріккен тұлғалы ер (әйел) есімдері құрамында жиі қолданылатын сөз. Бұрынғы кезде бала бақытты болады деген сеніммен мең сөзін бала есіміне қосып отырған. Негізінде Мең, Меңлі сөздері сұлу, әдемі, көркем деген мағыналарда жұмсалған. Біріккен тұлғалы есімдер — Меңлібай, Меңгерей, Меңсұяу.


Есімге сілтеме: Мең

Меңдахмет, меңліахмет

бақытты Ахмет.


Есімге сілтеме: Меңдахмет, меңліахмет

Меңдібай

денесінде меңі көп, яғни бақытты адам. Еркелете қысқартып айту тұлғасы — Меңдеш.


Есімге сілтеме: Меңдібай

Мерген

қазақтың сөзінен нысанаға дәл тигізетін атқыш. біріккен тұлғалы есім — мергенбай.


Есімге сілтеме: Мерген

Мерей

бақыт, қуаныш. Біріккен тұлғалы есім — Мерейбек.


Есімге сілтеме: Мерей

Мереке

той, тамаша күні туған балаға берілген есім.


Есімге сілтеме: Мереке

Меруерт

иран тілінен - асыл моншақ.


Есімге сілтеме: Меруерт

Мизам

араб тілінен алынған - қыркүйек айына сәйкес келетін ай аты. Осы айда туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Мизам

Мира

жаңа есім - бейбіт, тыныштық өмір.


Есімге сілтеме: Мира

Мирас

араб тілінен алынған - мұра, артта қалатын кез, тұяқ.


Есімге сілтеме: Мирас

Мирғали

иран тілінен алынған мир - араб тіліндегі әмір сөзінің өзгерген тұрі. Бұл сөз «әкім, билеуші, бастық» деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Мирғали

Мирон

грек тілінен - бейбітшілік, тыныштық сүйгіш.


Есімге сілтеме: Мирон

Мият

корғаныш, тірек, қуат. Біріккен тұлғалы есім — Миятжан.


Есімге сілтеме: Мият

Молбай

араб тілінен алынған - өте бай. Синонимі — Көпбай.


Есімге сілтеме: Молбай

Молдабай

араб тіліндегі мавло - мырза, хожа, сөзінің өзгерген түрі. Тәжік тілінде білімді, сауатты деген мағынағада ие. Сауатты, білімді болсын деген мақсатта қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Молдажан, Молдахан, Молдабек.


Есімге сілтеме: Молдабай

Момбек

иран тілінен алынған мом — балауыз + қазақ сөзі бек. синонимдері — жарық, жарықбек.


Есімге сілтеме: Момбек

Момынәлі

қазақ тілінен алынған жуас + араб тілінен алынған әли. Өте жуас, жұмсақ, биязы адам. Еркелете айту түрі — Момыш.


Есімге сілтеме: Момынәлі

Мояз

араб тілінен алынған муяссар — өте бай, әлді.


Есімге сілтеме: Мояз

Мөңке

алтай тілінен алынған моньку — мәңгі, моңғол тілінен алынған мөңгө — күміс, ақша. Ақшалы болсын деген мағынада.


Есімге сілтеме: Мөңке

Мүбәрак

араб тілінен алынған — мубарак — гүлденген, бақытты; қасиетті.


Есімге сілтеме: Мүбәрак

Мүлипа

араб тілінен — кітап шығарушы ақын.


Есімге сілтеме: Мүлипа

Мүнира

араб тілінен - нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.


Есімге сілтеме: Мүнира

Мүрсейіт

араб тілінен алынған мүр, иран тілінен алынған мир, амир + араб тілінен алынған сейидь — мырза, әкім, құрметті, яғни құрметті мырза, әкім.


Есімге сілтеме: Мүрсейіт

Мүсірәлі

араб тілінен алынған - дәулетті, бай.


Есімге сілтеме: Мүсірәлі

Мүсіреп

араб тілінен алынған мусриф - ысырапқор, жомарт.


Есімге сілтеме: Мүсіреп

Мүтәліп

араб тілінен - талап ету, сұрау.


Есімге сілтеме: Мүтәліп

Мүштәри

араб тілінен — сатып алушы; жұлдыз.


Есімге сілтеме: Мүштәри

Мұзафар

араб тілінен алынған музаффар — жеңімпаз. Түрі — Мұзапар.


Есімге сілтеме: Мұзафар

Мұкаррама

араб тілінен - құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.


Есімге сілтеме: Мұкаррама

Мұқа

көне түркі тілінен келген зор, күшті, үлкен, батыр.


Есімге сілтеме: Мұқа

Мұқағали

көне түркі тілінен муқа + араб тілінен алынған ғали ; аса күшті, зор батыр.


Есімге сілтеме: Мұқағали

Мұқаділ

араб тілінен — тең, бірдей; тең бағалы.


Есімге сілтеме: Мұқаділ

Мұқали

араб тілінен алынған мохали — жоғары, көтеріңкі.


Есімге сілтеме: Мұқали

Мұқамәди, мұхамәди

араб тілінен алынған — Мұхамбеттің жолын қуушы; мақтауға лайық.


Есімге сілтеме: Мұқамәди, мұхамәди

Мұқамбет, мұқамет

араб тілінен алынған Мохаммад — даңқы шыкқан, атақты, мақталған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұқамбетбай, Мұқамбетбек, Мұқамбетғали, Мұқамбеткәрім, Мұқамбетназар, Мұқамбетқожа, қысқарта еркелетіп айту түрлері — Мұқатай, Мұқан, Мұқай, Мұқаш, Мұқыш, Мәмет, Мамай және т. б.


Есімге сілтеме: Мұқамбет, мұқамет

Мұқым

араб тілінен алынған - муким - тұрақты, табанды, тиянақты, берік, ұзақ жасайтын.


Есімге сілтеме: Мұқым

Мұрабай

мұраға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Мұрабай

Мұрат

араб тілінен алынған — мурад - мақсат, тілек, ықылас. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұратбай, Мұратбек, Мұратәлі, Мұратберді, Мұратғали, Мұратқожа, Мұратқан, Мұратжан және т. б.


Есімге сілтеме: Мұрат

Мұратбай

(қараңыз: Баймұрат).


Есімге сілтеме: Мұратбай

Мұса

араб тілінен алынған Муса — көне еврей тілінен — Моисей — судан шығарып алынған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұсабай, Мұсабек, Мұсағали, Мұсажан, Мұсахан, Мұсатай.


Есімге сілтеме: Мұса

Мұстафа

араб тілінен алынған Мустафа — таңдалғай, сайлап алынған.


Есімге сілтеме: Мұстафа

Мұстахиб

араб тілінен алынған мүстахиф — сүйікті; қалаулы; мақтаулы; қымбатты.


Есімге сілтеме: Мұстахиб

Мұхамбетәзіз

араб тілінен алынған - құрметті, құдіретті.


Есімге сілтеме: Мұхамбетәзіз

Мұхамбетжан

араб тілінен - Мұқамбеттің жаны.


Есімге сілтеме: Мұхамбетжан

Мұхамедияр

араб тілінен - Мұқамбеттің досы. Қысқартылған түрі - Мадияр.


Есімге сілтеме: Мұхамедияр

Мұхит

араб тілінен алынған моһит — қоршаған; төңірек, айнала; Мұхит.


Есімге сілтеме: Мұхит

Мұхитан

тәжік тілінен алынған мохитобон — жарық ай.


Есімге сілтеме: Мұхитан

Мұхтар

араб тілінен алынған мухтар — тандаулы, іріктеулі.


Есімге сілтеме: Мұхтар

Мұхтарима

араб тілінен - қадірлі, құрметті, сыйлы.


Есімге сілтеме: Мұхтарима

Мығым

мықты, берік. Біріккен тұлғалы есім — Мығымбай. Синонимі — Берікбай.


Есімге сілтеме: Мығым

Мыңбай

баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Мыңбай

Мырзабай

(қараңыз: Байызбай).


Есімге сілтеме: Мырзабай

Мырзахмет

иран тілінен алынған мырза + араб тілінен алынған Ахмед. Қолы ашық жомарт, яғни Мырзахмет — жомарт Ахмет. Біріккен тұлғалы есімдер — Мырзабай, Мырзахан, Мырзамұрат, Мырзаболат, Мырзагелді, Мырзаберген, Мырзағұл, Мырзакәрім. Қыскарта еркелете айту түрлері — Мырзатай, Мырзаш.


Есімге сілтеме: Мырзахмет

Мырқасым

иран тілінен алынған мыр + араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі; яғни өте сұлу, әдемі, көркем мырза, әмір, әкім.


Есімге сілтеме: Мырқасым

Мырхайдар

арыстандай айбатты әмір, әкім, бастық.


Есімге сілтеме: Мырхайдар

Мышбай

көне түркі тілінен миши — бұғы + бай. Яғни бала бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Мышбай

Мышырбай

араб тілінен алынған муширь — ақылшы, кеңесші (ертеде Оттоман империясында мушир — генералдық атақ болған. Ол кезде бұл атақ армия қолбасшыларына және генерал-губернаторларға да берілген). Түрі – Мысыр.


Есімге сілтеме: Мышырбай

Нағи

араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз.


Есімге сілтеме: Нағи

Нағиза

иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Нағиза

Нағима

араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.


Есімге сілтеме: Нағима

Нағым

араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.


Есімге сілтеме: Нағым

Нағымбек

араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.


Есімге сілтеме: Нағымбек

Назар

араб тілінен алынған нәзәр - қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.


Есімге сілтеме: Назар

Назарбай

жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.


Есімге сілтеме: Назарбай

Назгүл

(қараңыз Гүлназ).


Есімге сілтеме: Назгүл

Найра

араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.


Есімге сілтеме: Найра

Нақып

араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.


Есімге сілтеме: Нақып

Нақысбек

араб тілінен алынған нәкш - сурет, әшекей, өрнек; түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.


Есімге сілтеме: Нақысбек

Нарбай

нар - жалғыз өркешті ірі түйе; ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.


Есімге сілтеме: Нарбай

Нариман

иран тілінен алынған нари - батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.


Есімге сілтеме: Нариман

Наркес

өткір, батыл.


Есімге сілтеме: Наркес

Нармағамбет, нармұқамбет

қазақтың сөзі нар + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет


Есімге сілтеме: Нармағамбет, нармұқамбет

Нартау

бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Нартау

Нарту

дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Нарту

Нарша

нардай мықты, қайратты, жігерлі.


Есімге сілтеме: Нарша

Нарымжан

нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.


Есімге сілтеме: Нарымжан

Насыр

араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші; жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.


Есімге сілтеме: Насыр

Науат

араб тілінен алынған набит — өсімдік, шөп; мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант.


Есімге сілтеме: Науат

Наурыз

иран тілінен алынған нов — жаңа + руз - күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.


Есімге сілтеме: Наурыз