Мұқамбет, мұқамет есімінің мағынасы

араб тілінен алынған Мохаммад — даңқы шыкқан, атақты, мақталған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұқамбетбай, Мұқамбетбек, Мұқамбетғали, Мұқамбеткәрім, Мұқамбетназар, Мұқамбетқожа, қысқарта еркелетіп айту түрлері — Мұқатай, Мұқан, Мұқай, Мұқаш, Мұқыш, Мәмет, Мамай және т. б.





Қосымша есімдер:


Мағрипа

Мағрипа есімінің мағынасы: араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.

Майна

Майна есімінің мағынасы: иран тілінен — индия қараторғайы.

Майнұр

Майнұр есімінің мағынасы: май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.

Майса

Майса есімінің мағынасы: тәжік тілінен — ерте көктем; көк майса, шалғын.

Мақпал

Мақпал есімінің мағынасы: иран тілінен алынған бахмал — барқыт.