Қазақша есімдер және олардың мағынасы - 20-бет

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Төлбай

үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.


Есімге сілтеме: Төлбай

Төлғожа

тұнғыш бала өзінен кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.


Есімге сілтеме: Төлғожа

Төлебай

бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.


Есімге сілтеме: Төлебай

Төребек

көне түркі тілінен - төре — тәртіп, ереже, заң; әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.


Есімге сілтеме: Төребек

Туғанбай

туған + бай. Бай болып туған.


Есімге сілтеме: Туғанбай

Түгелбай

бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Түгелбай

Түлек

жас өспірім, жеткіншек.


Есімге сілтеме: Түлек

Түлкібай

балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.


Есімге сілтеме: Түлкібай

Түмен

(қараңыз: Томан).


Есімге сілтеме: Түмен

Түргенбай

түһген — жылдам, тез + бай.


Есімге сілтеме: Түргенбай

Түсіп, түсүп

(қараңыз: Жұсіп).


Есімге сілтеме: Түсіп, түсүп

Тұрған

берік тұрып қалған, тоқтаған.


Есімге сілтеме: Тұрған

Тұрғанбек

(қараңыз: Бектұрған).


Есімге сілтеме: Тұрғанбек

Тұрдыбек

бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.


Есімге сілтеме: Тұрдыбек

Тұрманжан

ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.


Есімге сілтеме: Тұрманжан

Тұрсын

баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.


Есімге сілтеме: Тұрсын

Тұрсынай

ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тұрсынай

Тұрсынбай

яғни көп, ұзақ жасасын.


Есімге сілтеме: Тұрсынбай

Тұрсынбек

яғни өмірі берік болсын.


Есімге сілтеме: Тұрсынбек

Тұрсынжан

жаны аман болсын, көп жасасын.


Есімге сілтеме: Тұрсынжан

Тұрымтай

қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Тұрымтай

Тұяқбай

тұяқ — уақ мал, қой-ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Тұяқбай

Тыналы

тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.


Есімге сілтеме: Тыналы

Тыныс

дем; үзіліс, дамыл, тыным.


Есімге сілтеме: Тыныс

Тыныстан

дем алу, дамылдау.


Есімге сілтеме: Тыныстан

Тыныштық

(қараңыз: Еламан).


Есімге сілтеме: Тыныштық

Тыныштықбек

(қараңыз: Бейбітбек).


Есімге сілтеме: Тыныштықбек

Уайыс

араб тілінен алынған — күш, жігер.


Есімге сілтеме: Уайыс

Уахап

араб тілінен алынған уаһуп — мырза, жомарт, қайырымды.


Есімге сілтеме: Уахап

Уахат

араб тілінен алынған уахит — жалғыз, жалқы, бірінші (бала).


Есімге сілтеме: Уахат

Уәзипа

араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Уәзипа

Уәли

араб тілінен — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.


Есімге сілтеме: Уәли

Уәлі

қараңыз уәли.


Есімге сілтеме: Уәлі

Уәсила

араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.


Есімге сілтеме: Уәсила

Уәсима

араб тілінен алынған вәсимә — әдемі, сұлу, сүйкімді, жылы шырайлы.


Есімге сілтеме: Уәсима

Убайдулла

Араб тілінен аударғандағы мағынасы - Алланың құлы, Құдайдың құлы деген сөз


Есімге сілтеме: Убайдулла

Үдербай

көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.


Есімге сілтеме: Үдербай

Үлгібай

бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Үлгібай

Үмбет

араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.


Есімге сілтеме: Үмбет

Үмігүлсім

араб тілінен - Гүлсімнің анасы, туысы; монтиған, томпиған бүйрек бет.


Есімге сілтеме: Үмігүлсім

Үміт

иран тілінен алынған — омид — сенім, тілек, қалау.


Есімге сілтеме: Үміт

Үрия

араб тілінен алынған хория — хор қызы, сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Үрия

Үрімбай

тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.


Есімге сілтеме: Үрімбай

Үсен

араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.


Есімге сілтеме: Үсен

Үстем

басым, артық.


Есімге сілтеме: Үстем

Ұзақ

бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.


Есімге сілтеме: Ұзақ

Ұйықбай

бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.


Есімге сілтеме: Ұйықбай

Ұлан

түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.


Есімге сілтеме: Ұлан

Ұлас

жалғас, селбес.


Есімге сілтеме: Ұлас

Ұлбала

қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ұлбала

Ұлжан

ұл баласы аз немесе жоқ ата-ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.


Есімге сілтеме: Ұлжан

Ұлпа

қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.


Есімге сілтеме: Ұлпа

Ұлфат

араб тілінен — достық, махаббат.


Есімге сілтеме: Ұлфат

Ұлықбек

ұлы, зор + бек.


Есімге сілтеме: Ұлықбек

Ұрқия

араб тілінен алынған рукя — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.


Есімге сілтеме: Ұрқия

Фазила

араб тілінен алынған — аса қадірлі, құрметті қыз (әйел); сый, құрметке лайық, тамаша кісі. Өзгерген түрі — Бәзила.


Есімге сілтеме: Фазила

Фазыл

(қараңыз: Базыл).


Есімге сілтеме: Фазыл

Файз

араб тілінен - жеңуші, жеңімпаз; мырзалық, молдық, байлық.


Есімге сілтеме: Файз

Файзрахман

араб тілінен - рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.


Есімге сілтеме: Файзрахман

Фарид

араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.


Есімге сілтеме: Фарид

Фарида

араб тілінен — інжу, маржан; теңдесі жоқ, сирек зат.


Есімге сілтеме: Фарида

Фариза

араб тілінен — міндет, борыш.


Есімге сілтеме: Фариза

Фатима

араб тілінен — емшек сүтінен айырған қыз, ер жетіп, өскен қыз. Өзгерген түрі — Батима.


Есімге сілтеме: Фатима

Фаузия

араб тілінен — жеңуші, жеңімпаз; салтанат.


Есімге сілтеме: Фаузия

Фахир

араб тілінен алынған — келбетті, әдемі, асыл; мақтаныш боларлық.


Есімге сілтеме: Фахир

Фируза

иран және тәжік тілдерінен — бақытты, ырысты; нұр шашушы.


Есімге сілтеме: Фируза

Хабиб

араб тілінен - жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.


Есімге сілтеме: Хабиб

Хабиба

араб тілінен — жан дос, сүйікті, сүйкімді қыз, әйел. Түрі — Қабиба.


Есімге сілтеме: Хабиба

Хадим

араб тілінен - қызметші, жалшы, қызметкер.


Есімге сілтеме: Хадим

Хадиша

араб тілінен — шала туған қыз. Түрі - Қадиша.


Есімге сілтеме: Хадиша

Хадия

араб тілінен — сый, тарту. Түрі — Қадия.


Есімге сілтеме: Хадия

Хайдар

араб тілінен - арыстан. Бұл есімнін синонимдері - Әсет, Шер, Айдар.


Есімге сілтеме: Хайдар

Хакім

араб тілінен - әкім етуші, әмірші; данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.


Есімге сілтеме: Хакім

Хақназар

(қараңыз: Ақназар).


Есімге сілтеме: Хақназар

Халел, халил

араб тілінен алынған - сүйікті дос, жақсы жолдас.


Есімге сілтеме: Халел, халил

Халида

араб тілінен — мәңгі баки, өлмес, ұзақ жасаушы.


Есімге сілтеме: Халида

Халила

араб тілінен — сүйікті дос, адал жолдас қыз. Түрі — Қалила.


Есімге сілтеме: Халила

Халима

араб тілінен — рахымды, жуас. Түрі — Қалима.


Есімге сілтеме: Халима

Халиса

араб тілінен — таза, қоспасыз, адал.


Есімге сілтеме: Халиса

Халық

араб тілінен алынған халк — жұрт, қауым, адамдар.


Есімге сілтеме: Халық

Хамза

араб тілінен алынған — дәрілік өсімдік.


Есімге сілтеме: Хамза

Хамит

араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық; зиянсыз.


Есімге сілтеме: Хамит

Хаммат

араб тілінен алынған — мақтайтын, мақтауға тұратын, лайық.


Есімге сілтеме: Хаммат

Хангелді

ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып-еркелете айтылатын түрі — Қаныш.


Есімге сілтеме: Хангелді

Ханифа

араб тілінен — адал, таза, ақ.


Есімге сілтеме: Ханифа

Хантемір

(қараңыз: Темір- хан).


Есімге сілтеме: Хантемір

Харес

араб тілінен — егінші, дихан, соқашы; сақтаушы, күтуші.


Есімге сілтеме: Харес

Хасан, хасен

араб тілінен — әдемі, сұлу, көркем, жақсы, тамаша.


Есімге сілтеме: Хасан, хасен

Хатима

араб тілінен — жомарт, қайырымды.


Есімге сілтеме: Хатима

Хатип

араб тілінен — уағыздаушы, уағызшы; баға беруші, мақтаушы.


Есімге сілтеме: Хатип

Хатипа

араб тілінен — уағыздаушы; бата беруші, мактаушы. Түрі - Қатипа.


Есімге сілтеме: Хатипа

Хафиз

араб тілінен алынған һафез — сақтаушы, күзетуші.


Есімге сілтеме: Хафиз

Хафиза

араб тілінен — қорғаушы, сақтаушы.


Есімге сілтеме: Хафиза

Хикмет

араб тілінен — философия, білім, құпия.


Есімге сілтеме: Хикмет

Хұсайын

араб тілінен — кішкене, көркем, сұлу. Хасан есімінің араб тіліндегі кішірейткіш мән бере айтқан түрі.


Есімге сілтеме: Хұсайын

Шабай

араб тілінен — жас жігіт, бозбала.


Есімге сілтеме: Шабай

Шабдан

тәжік тілінен човидна — мәңгі, бақи; мәңгілік, ажалсыз.


Есімге сілтеме: Шабдан

Шағыр

араб тілінен шагир — шайыр, ақын.


Есімге сілтеме: Шағыр

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.