Ұлбала есімінің мағынасы:

қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.





Қосымша есімдер:


Ұлжан есімінің мағынасы:

ұл баласы аз немесе жоқ ата-ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.

Ұлпа есімінің мағынасы:

қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.

Ұлфат есімінің мағынасы:

араб тілінен — достық, махаббат.

Ұрқия есімінің мағынасы:

араб тілінен алынған рукя — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.

Ұзақ есімінің мағынасы:

бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

Ұйықбай есімінің мағынасы:

бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

Ұлан есімінің мағынасы:

түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

Ұлас есімінің мағынасы:

жалғас, селбес.

Ұлықбек есімінің мағынасы:

ұлы, зор + бек.

Аймағамбет есімінің мағынасы:

қазақ сөзі - ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.



Басқа да бөлімдер: