иран және араб тілдерінен алынған тилла — алтын ақша, таза алтын. Ақшаға бай болсын деп қойылған есім.
иран тілінен - алтын ақшаның иесі болсын деп қойылған. Синонимі — Ділдахан.
иран тілінен алынған додо — үйілген, жиылған; жиын, көпшілік + қазақтың сөзі бай.
қазақ тілінен алынған дой — үлкен, ірі, кесек, мықты, азулы, атақты + иран тілінен алынғанман — адам. Демек, ірі тұлғалы, мықты адам дегенді аңғарады.
иран тілінен алынған дуст — жан жолдас, серік, жар. Дос сөзі құрамында келетін кісі аттары — Досан, Досжан, Доскей т. б. Еркелете қысқартып айту түрі — Достай, Ештай.
араб тілінен алынған дос + араб тілінен алынған Ғали, Ғалидың досы деген мағынаны береді.
араб тілінен алынған дос ниетіне туылған бала деген мағыналы есім.
иран және араб тілдерінен алынған. Досмұхамбет есімінің қысқарған түрі. Мұхамбеттің досы деген мағынаны білдіреді. Синонимдері — Ешмұхамбет, Есмұхамбет.
моңғол тілінен алынған доно — төрт жасар өғіз, дөнен — төрт жасар жылқы + бай. Еркелетіп айтылатын. Түрі — Дөнентай.
иран тілінен алынған диуан - қала, кент; белгілі бір аймақ, өлке. Қаланың немесе үлкен аймақтың әлді, бай адамы деген мағынаны білдіреді.
бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.
иран тілінен алынған ду - екі + араб тілінен алынған Мохаммед, бұл есімнің синонимі Қосмұқамбет. Қос сөзі екі деген мағынаны білдіреді.
иран тілінен алынған ду — екі, сейсенбі, шамбә күн. Әуел баста аптаның бірінші күні туған балаға осылай ат қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дұйсенбай, Дұйсенғали, Дұйсехан, Дүйсекей. Еркелетіп айту түрі - Дүйсек.
бұндай есімдер егіз туган балаларға қойылып отырған. Синонимі — Қосжан.
көне түркі тілінен келген, Волга өзенінің аты. Біріккен тұлғалы есімдер — Еділбай, Еділбек, Еділтай, Еділжан.
ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.
бала елеулі, жұрт аузында атақ-даңқы шығып жүретін кісі болсын деген мағынада қойылған есім. Түрі — Еле- бек.
елдің мұрат-мақсатын орындауға үлес қосатын азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.
ел хабаршысы, жаршысы, ел арасындағы тыныштық сақтаушы. Синонимі — Елшібек.
араб тілінен алынған бақыт сөзінің қысқарған түрі. Яғни бақытты ер, батыр.
бала батыр, қаһарман, ержүрек болсын деген тілекпен қойылған.
қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғази - жауынгер, қосын. Ер жүрек батыр, әділдік жолында күресуші.
қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғали — ең мықты, асқан батыр.
қазақ тілінен алынған ер + иран тілінен алынған дар — билеу, яғни ел билеуші батыр.
қазақ тілінен - батыр, ер. Моңғол тілінен алынған эрдэнэ — қымбат зат. Біріккен тұлғалы есімдер — Ерденбай, Ерденбек, Ерденғали.
араб тілінен алынған раджаб - тәжім ету, бас ию, құрметгеу; арабша жетінші ай аты. Осы айда туылған балаларға Раджап, Ережеп деп ат қойылып отырған.
қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған жуман - қымбат бағалы зат, інжу.
қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.
ерке бала болсын деп қойылған есім. Еркелете айтылатын түрі — Еркеш.
өз ықтияры, еркі езінде, азат, басы бос, ерікті. Еркін сөзі құрамында келетін біріккен тұлғалы есімдер — Еркінбай, Еркінбек, Еркінғали, Еркінжан, Еркінтай.
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі