Өлең, жыр, ақындар

Иүгінеки Ахмед

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.


Нақыл сөздері

Білімдіге білімсіз тең бола алмас.

Ілмектер: білім Иүгінеки Ахмед

Тіл біреуді - көтереді, біреудің - түбіне жетеді.

Ілмектер: тіл Иүгінеки Ахмед

Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.

Ілмектер: ғылым, білім, ақыл, жұмыс Иүгінеки Ахмед

Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі.

Ілмектер: байлық, кедейлік, тағдыр Иүгінеки Ахмед

Кедейлік - кемдік емес.

Ілмектер: кедей, кедейлік Иүгінеки Ахмед

Бақыт - көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады.

Ілмектер: бақыт Иүгінеки Ахмед

Бақытта баян жоқ - ұшқан құс тәрізді.

Ілмектер: бақыт Иүгінеки Ахмед

Дүние бірде - бал, бірде - у ұсынар.

Ілмектер: дүние, өмір, бал, у Иүгінеки Ахмед

Таза жүрген жол таба алмай торығып,
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер.

Ілмектер: қоғам, заман, арам, жол Иүгінеки Ахмед

Заман емес - адам ренжітеді.

Ілмектер: заман, адам, ренжу Иүгінеки Ахмед

Сүйеуі бардың - сөзі де басым.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Жаман мінез жанға опа бермес.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, опа Иүгінеки Ахмед

Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да - жауапсыз қалмайды.

Ілмектер: жамандық, жақсылық Иүгінеки Ахмед

Жақсы жолдас - бауырың.

Ілмектер: жолдас, дос, бауыр Иүгінеки Ахмед

Мың досты көп демегейсің,
Бір дұшпанды аз демегейсің.

Ілмектер: дос, дұшпан, аз, көп Иүгінеки Ахмед

Жақсыға жақсы жарасар.

Ілмектер: жақсы Иүгінеки Ахмед

Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.

Ілмектер: дос, жақсылық Иүгінеки Ахмед

Сабыр - сауап.

Ілмектер: сабыр, сабырлық Иүгінеки Ахмед

Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет.

Ілмектер: сабыр, жақсылық, үміт Иүгінеки Ахмед

Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы - ертең тастап кеткенде.

Ілмектер: өмір, өлім Иүгінеки Ахмед

Қарап көріңіз