Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет. Ілмектер: сабыр, жақсылық, үміт Иүгінеки Ахмед Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет.
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі. — Мұхтар Әуезов жақсылық, жамандық
Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. — Мұхтар Әуезов ақыл, адам
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық, Қатты керек адамға бұл бір қылық. Қолы жетпей талмай талап ізденеді, Осыдан кеп шығады адамшылық. — Шәкәрім Құдайбердіұлы сабыр, шыдамдылық
Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. — Әзілхан Нұршайықов жамандау, жақсылық
Сабыр етсең - ісің оңға асады, Шүкір қылсаң - жамандық та қашады. — Жүсіп Баласағұни сабыр, шүкір
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкiм қалап. Терең ой, терең ғылым iздемейдi, Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап. — Абай Құнанбайұлы Ынсап, ұят
Ақылды болғың келсе, парасатты сұрақ қоюды, мұқият тыңдауды, сабырмен жауап беруді және айтар ештеңең болмағанда сөйлеуді доғаруды үйрен. — Иоганн Лафатер ақыл, парасат
Хабарлама
INFO
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі