Өлең, жыр, ақындар

Бенджамин Франклин

Франклин Бенджамин (Вениамин) (17.1.1706, Бостон — 17.4.1790, Филадельфия) — американ ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым. 1724 — 1726 ж. Лондонда тұрған. 1727 ж. Филадельфияда өзінің жеке баспаханасын ашқан. Бос уақытын оқуға арнап, өз заманының білімді азаматына айналған. 1729 — 1748 ж. “Пенсильвания газетін”, 1732 — 1758 ж. “Кедей Ричардтың альманахы” жылдық журналын шығарды. Филадельфиядағы ағылшын отарында алғашқы көпшілік кітапхананың (1731), Американ философиялық қоғамының (1743), Филадельфия академиясының (1751) негізін қалады. 1737 — 1753 ж. Пенсильвания почтмейстері, 1753 — 1774 ж. бүкіл Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының почтмейстері болды. Франклин 1754 ж. Олбандағы отар өкілдерінің бірінші конгресін шақырудың бастамашысы болып, онда отарларды біріктірудің жоспарын ұсынды. 1757 — 1762 және 1765 — 1775 ж. Лондонда Солтүстік Америкадағы отарлардың уәкілі болды. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыс (1775 — 1783) басталысымен отанына оралып, америка халқының күресіне белсене қатысты.


Нақыл сөздері

Бүгін істей алатын істі, ертеңге қалдырма

Ілмектер: бүгін, іс Бенджамин Франклин

Уақыт - ақша.

Ілмектер: уақыт, ақша Бенджамин Франклин

Қарап көріңіз

Пікірлер