Көп өмірдің жауабынан сұрағы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көп өмірдің жауабынан сұрағы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 2
  • 3125
Көп өмірдің жауабынан сұрағы.
Жеткізбейді ойдың жүйрік пырағы.
Шахматтың бір мастерін
Қалайша
Жеңгеніңді айтқың келіп тұрады.
Жанған кезде қос жанардың шырағы,
Байқамасты байқайды ғой қырағы...
Бір сұлудың саған деген ниетін
Біреулерге айтқың келіп тұрады.
Қуанышқа қандай дәулет тең еді!
Жанында оның желкілдейді желегі.
Ұлы адамның қолын қыссаң,
Соны айтып,
Дүниеге айқай салғың келеді.
Мақтанбасаң қуанышың өледі,
Үрлемесең оттың өзі сөнеді.
Жыр туғанда,
Дабыл қағып,
Жер жүзін
Аяғынан тік тұрғызғың келеді.
Көңіл бағы қуаныштан көктейді,
Қуанбаса күн де нұрын төкпейді.
Басқалар да мақтайды ғой,
Мәз болып,
Өзің жұртқа мақтанғанға жетпейді!


Пікірлер (2)

Димаш

Керемет

Арука

«Көп өмірдің жауабынан сұрағы» — Қадыр Мырза-Әлидің шынайы сезімі мен өмірге көзқарасын көркем тілмен жеткізген өлеңі. Ақын бұл туында өмірдің мән-мақсаты, қуаныш пен мақтаншылық сезімі туралы терең ойлар тастайды, әрі әр жолы оқырманға жүрек жылуын сыйлайды.

Өлеңде қуаныштың тұғыры мен адамдық сезімнің биіктігі поэтикалық тілмен бейнеленген, бұл оқырманды рухани байытуға жетелейді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп өмірдің жауабынан сұрағы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көп өмірдің жауабынан сұрағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп өмірдің жауабынан сұрағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп өмірдің жауабынан сұрағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері