Эссе және өлең-жыр байқауы

Исаак Ньютон

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған. Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б. Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады. Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.


Нақыл сөздері

Гипотезаны ойдан шығармайды.

Ілмектер: гипотеза Исаак Ньютон

Біз алыптар мойнындағы қортықтар сияқтымыз, сондықтан да оларға қарағанда алысырақ және көбірек көреміз.

Ілмектер: көру, алып Исаак Ньютон

Шынайылықты мойындап тұрып оны ақтауға тырыспа…

Ілмектер: шынайылық, мойындау Исаак Ньютон

Табиғат қарапайым және ол артық себептермен құлпырмайды.

Ілмектер: қарапайым, табиғат Исаак Ньютон

Тәжірбие – сізбен қатысты болып жатқан нәрсе емес, сіздің әрекетіңізден соң сізге қалай әсер ететіні.

Ілмектер: тәжірбие Исаак Ньютон

Адам қолынан келмейді деп ойлап келген істерді жасай алатынын көрсеткен, адам мүмкіндігінің сферасын кеңейткен нәрселер – орасан зор құнды болып есептеледі.

Ілмектер: адам, сфера, құнды, ой, кеңейту Исаак Ньютон

Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.

Ілмектер: мысал, ғылым, ереже Исаак Ньютон

Қарап көріңіз

Жүктелуде...