Өлең, жыр, ақындар

Фридрих Шиллер

Йоһанн Кристоф Фридрих фон Шиллер (1759 жылғы қарашаның 10-ы, Марбах ам Неккар – 1805 жылғы мамырдың 9-ы Ваймар) — неміс халқының ақыны, философы, тарихшысы және драматургы.

Өмірінің соңғы жылдары (1788-1805) Шиллер сол кездің өзінде атақты және ықпалды Гетемен терең достық орнатып, бұл зор шығармашылық нәтижелерге алып келді: олар эстетика тақырыптарын талқыласып, Шиллер Гетені бұрын бастаған, бірақ кейін аяқтамай кеткен шығармаларын аяқтауына түрткі болды. Осы арқылы қазір Ваймар классицизмі деп аталатын бір ерекше кезең басталды. Сонымен қатар ол екеуі бірге Ксениялар деп аталатын қысқа, бірақ өте уытты сатирикалық өлеңдер жинағын құрастырды. Ксенияларда Шиллер мен Гете өздерінің эстетикалық көзқарастарына қарсы шыққандарды өткір әжуаның астына алды.


Нақыл сөздері

Мақсаты биіктеген сайын адам да рухани толыса береді.

Ілмектер: Мақсат, адам, руханият Фридрих Шиллер

Тізесі бүгілген жау әлі де көтерілуі мүмкін; татуласқан дұшпан әбден жеңілген деуге болады.

Ілмектер: жау, дұшпан Фридрих Шиллер

Ерлік қауіп-қатермен жарыса өршиді: неғұрлым қиын тиген сайын, соғұрлым күш те арта түседі.

Ілмектер: ерлік, қиын, күш Фридрих Шиллер

Ұлы адамдар бір-бірін үнсіз-ақ ұғыса біледі.

Ілмектер: ұлы, үнсіздік Фридрих Шиллер

Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.

Ілмектер: шебер Фридрих Шиллер

Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.

Ілмектер: өзін-өзі тану, нақыл, даналық Фридрих Шиллер

Қарап көріңіз