Өлең, жыр, ақындар

Освальд Шпенглер

Освальд Шпенглер (1880–1936) — неміс философы. XX ғасырдағы аса атышулы философиялық концепциялардың бірінің авторы. «Европаның күйреуі» (1918–1922), «Торығу» («Пессимизм») (1921), «Адам жəне техника» (1931) жəне басқа дүниелер жазған. Алғашқы шығарма қазіргі батыстық дүниетанымға айырықша ықпал еткен деп есептеледі.


Нақыл сөздері

Дəлелдеуді үйренген адам — енді ештеңеден де қорықпайды.

Ілмектер: дәлел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорқу Освальд Шпенглер

Сөз тілінде өтірік айтушы адам — онысын, оған өзі мəн бермесе де, ишарат тілінде де сездіріп қояды.

Ілмектер: сөз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өтірік Освальд Шпенглер

Теоретиктер ойлап шығарған мемлекет қана əлдебір жүйе құрайды.

Ілмектер: жүйе, Теоретиктер, мемлекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Басқа өмір формаларын көріп қана өз өміріңнің ақиқатын сезіне бастайсың.

Ілмектер: өмір, ақиқат, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Кеңістікте еркін қозғалған тіршіліктің өзі тəрізді техника да — кəрі.

Ілмектер: кеңістік, техника, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тіршілік Освальд Шпенглер

Əр алуан мəдениет бар болғандықтан, əртүрлі сан əлемдері де болады.

Ілмектер: мәдениет, әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өлі формаларды түсіну құралы — математика заңдары. Тірі формалардың есін жиғызатын құрал — салыстыру.

Ілмектер: математика, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Социализм — сыртқы əлеміштеріне қарамастан — ізгілік, адамгершілік, бейбітшілік пен қайырымдылықтан тұратын жүйе емес, билікке қол жеткізуге деген ерік-жігер жүйесі. Одан басқасының бəрі — өзіңді-өзің алдау.

Ілмектер: Социализм, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ізгілік, адамгершілік, бейбітшілік, қайырымдылық, билік Освальд Шпенглер

Қарап отыру шабыттандырады.

Ілмектер: шабыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Шіркеу қызметкері дегеніміз — түсіндіруші, ал əйел — сəуегей: ол уақыттың өзі болып сөйлейді.

Ілмектер: шіркеу, әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ештеңеге тұяқ тіремеген еркін ойлау болмайды.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Тілден оқ бойы озық тұрған ең таза рəміз — кешқұрым өз үйінің алдында шүйіркелесіп отырған шаруа қарттар жұбы.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рәміз, қарт, шаруа Освальд Шпенглер

Римдіктер тіпті де əлемді жаулап алған емес: олар тек кез-келген үшін дайын олжа күйінде жатқанға ие бола кетті.

Ілмектер: олжа, рим, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жоғары мəдениеттер діні – артық дамыған діндер емес, тек басқа діндер ғана. Қарапайым діндер бұлт пен жел тəрізді отан дегеннің не екенін білмейді.

Ілмектер: мәдениет, дін, бұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Қайта өрлеу (ренессанс) қарсыласудан туған.

Ілмектер: Қайта өрлеу, ренессанс, қарсыласу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Біз тірі организмнің қиындықтан құтылу, жеңіске жету, жоққа шығару жəне, тіпті, тіршілікті жою кездеріндегі күйін – дін деп атаймыз.

Ілмектер: организм, қанатты сөздер, афоризм, жеңіс, нақыл, тіршілік, дін Освальд Шпенглер

Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды.

Ілмектер: бала, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөйлеу Освальд Шпенглер

Өсімдік дегеніміз — өсімдік қана, ал жануар — өсімдік жəне оған қоса тағы бірдеңе.

Ілмектер: Өсімдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жануар Освальд Шпенглер

Өсімдік ұрықтанады, бірақ тумайды. Ол өмір сүреді, бірақ өмірінде ояну, сезім əлемін ашатын алғашқы күн жоқ.

Ілмектер: өсімдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, күн Освальд Шпенглер

Жануар өмір сүріп жатқанын біліп өмір сүреді. Адам өз өміріне таң қалады да, соған орай сұрақтар қояды: бірақ оларға оның берер жауабы жоқ. Ол өзінің жауабының дұрыстығына сенуі ғана мүмкін: бұл ретте Аристотель мен ең жабайы адамның арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе де болады.

Ілмектер: жануар, адам, өмір, жауап, сұрақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Қарап көріңіз