Өлең, жыр, ақындар

Освальд Шпенглер

Освальд Шпенглер (1880–1936) — неміс философы. XX ғасырдағы аса атышулы философиялық концепциялардың бірінің авторы. «Европаның күйреуі» (1918–1922), «Торығу» («Пессимизм») (1921), «Адам жəне техника» (1931) жəне басқа дүниелер жазған. Алғашқы шығарма қазіргі батыстық дүниетанымға айырықша ықпал еткен деп есептеледі.


Нақыл сөздері

Діни өсиеттерге сəйкес өмір сүру дегеніміз — тоқтаусыз құрбандықтар шалу тізбесі.

Ілмектер: дін, өсиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрбандық Освальд Шпенглер

Өмір ойлаусыз-ақ тіршілігін жалғастыра береді: ойлау — өмір сүрудің бір түрі ғана.

Ілмектер: өмір, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өмір ұлы атану үшін аса қатігез болуы керек.

Ілмектер: өмір, қатігез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өмір сүру дегеніміз — ішкі мүмкіндіктерді жүзеге асыру.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жануарлар əрбір қауіп-қатерден жеке-жеке үркеді, ал ежелгі адамдар бүкіл əлем төндірген қауіп-қатердің қорқынышын көтере алмай дірілдеген.

Ілмектер: жануар, адам, қауіп, қатер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлем, қорқыныш Освальд Шпенглер

Этнография біткеннің даңқұмарлығының жемісі — нəсілдерді бөлшектеу мүмкін емес.

Ілмектер: Этнография, даңқұмарлық, нәсіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Сұрақ қою мен оған жауап алатындығына сенімділіктің арасында айырма ұшан-теңіз.

Ілмектер: сұрақ, сенімділік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Адам — ойлауға қабілетті болмыс болғанның өзінде де, бəрібір бар тіршілігі тек қана ойлаудан тұратын болмыс болудан айтарлықтай алыста тұр.

Ілмектер: адам, болмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Египеттіктер жойылып кету дегенді жоққа шығарады. Антика адамдары оны өз мəдениеттеріне тəн түр біткеннің бəрінің тілінде дəлелдеп баққан.

Ілмектер: тіл, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Егер ақиқаттар əлемінде бəрін дерек шешетін болса, деректер əлемінде бəрін табыс шешеді.

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, табыс, дерек Освальд Шпенглер

Əйелдің күші — өз қалпынан айнымайтындығында.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жан деген өзінен-өзі ештеңені де «біле» алмайды.

Ілмектер: жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Егер жолын қуғандар арасында халық — тек объект, ал идеалдар — тек құрал ғана деп ойламайтын шын мəнінде тегеуірінді тұлғалар кездеспегенде, демократия да ақыл-ой мен ақ қағаздан əріге аспайтын еді.

Ілмектер: демократия, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Теоретиктердің ең үлкен қатесі — олар өздерінің орны ұлы оқиғалар керуенінің ішінде емес, оқшау тұрған биік шың басында деп ойлайды.

Ілмектер: Теоретик, қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, оқиға, шың Освальд Шпенглер

Басқа адамдар үшін басқа ақиқаттар бар. Ойшыл үшін олардың бəрінде мағына бір немесе ешқайсында да мағына жоқ. 

Ілмектер: ақиқат, ойшыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Нағыз ойшыл үшін толық дұрыс немесе толық теріс көзқарас деген болмайды.

Ілмектер: ойшыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көзқарас Освальд Шпенглер

Алғашқы адамдар үшін «уақыт» деген — мүлдем мəн-мағынасыз сөз.

Ілмектер: уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жадағай адамның аузынан шыққан жақсы сөздің өзі құнға тұрмайды.

Ілмектер: адам, сөз, құн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мемлекет дегеніміз — халықтың пошымы.

Ілмектер: Мемлекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық Освальд Шпенглер

Қала дегеніміз — рух. Үлкен қала дегеніміз — еркін рух.

Ілмектер: қала, рух, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Қарап көріңіз