Корейская косметика премиум класса

Жорж Батай

Жорж Батай (фр. Georges Bataille; 10 қыркүйек 1897 ж.,Бийом, Овернь, Франция — 9 шілде 1962, Париж, Франция) — француз философы, әлеуметтанушы, өнер теоретикі және солшыл нанымдардың жазушысы.


Нақыл сөздері

Адамның денесі өзі топырағынан жаратылған жəне өзі оны зор ризашылықпен жоққа шығаратын Жерге арналған сынақ тəрізді. Эрекцияны қаһарман қатаңдықпен еш салыстыруға болмайды.

Ілмектер: адам, дене, топырақ Жорж Батай

Жек көру объектісіне айналып көрмеген адам өзін толық жақсы көре алмайды.

Ілмектер: жақсы көру, жек көру Жорж Батай

Сараңдықтың темір құрсауынан жан аямай құтылуға ұмтылған адам ғана өзін табады.

Ілмектер: сараңдық, адам Жорж Батай

Көбіне-көп сырттан қарағанда соншалықты тура көрінетін жол шынында ең бұралаң жол болып шығады.

Ілмектер: жол Жорж Батай

Өзіңді жайбарақат жоғалтуға болмайды.

Ілмектер: жайбарақат Жорж Батай

Мұңнан қашқан адам асып-сасқан жексұрынға айналады.

Ілмектер: мұң, жексұрын Жорж Батай

Ажалдың көлеңкесі біздің еркімізден тыс дүниеге келеді.

Ілмектер: ажал, көлеңке, дүние Жорж Батай

Діни қатігездіктің көп сатылы биік баспалдағы болады.

Ілмектер: дін, қатыгездік, биік Жорж Батай

Тек ақыл ғана өзі жасағанды өзі қиратып, өзі тұрғызғанды өзі құлата алады.

Ілмектер: ақыл Жорж Батай

Адам баласының тіршілігі тілмен тығыз байланысты.

Ілмектер: адам, бала, тіл, тіршілік Жорж Батай

Естен айырылу немесе таң қалу жағдайы бүкіл тіршілікті қасіретке айналдырғанда пайда болады.

Ілмектер: қасірет, тіршілік, таң қалу Жорж Батай

Ең салмақты адамдардың өзі маған өздерін-өздері жете біле бермейтін жас балалар сияқты көрінеді.

Ілмектер: салмақтылық, бала, адам Жорж Батай

Поэзия орныққан тəртіпті сөз жүзінде ғана бұза алады, бірақ оның орнын баса алмайды.

Ілмектер: поэзия Жорж Батай

Біз шын белгісіздікке бет алған кезде ғана жалаңаштанамыз.

Ілмектер: белгісіздік Жорж Батай

Жалын өзінің қандай екенін білмейді, өйткені өзінің белгісіздігіне əбден бойы үйренген.

Ілмектер: жалын Жорж Батай

Көрмеу үшін кіріп алатын құм төбешігіміз бос сөзден қаланған.

Ілмектер: сөз Жорж Батай

Болмыс алдындағы қорқыныш адамды саудагерге айналдырып жібереді.

Ілмектер: болмыс, қорқыныш, саудагер Жорж Батай

Адам күресіп жүрген кезінде күлкілі де, қасіретті де болып көрінбейді: оның бойындағының бəрі белгісіздік жағдайында тұрады.

Ілмектер: күрес, күлкі, қасірет Жорж Батай

Енді поэзия туралы былай дей аламын: ол — өзімізді өзіміз сөздің құрбандығына шалатын құрбандық.

Ілмектер: поэзия, құрбандық, сөз Жорж Батай

Адам білуі мүмкін нəрсенің ешқайсысы тəуекелсіз жоққа шығарылмайды.

Ілмектер: адам, тәуекел Жорж Батай