Поэзия орныққан тəртіпті сөз жүзінде ғана бұза алады, бірақ оның орнын баса алмайды.
Ілмектер: поэзия Жорж Батай
Біз шын белгісіздікке бет алған кезде ғана жалаңаштанамыз.
Ілмектер: белгісіздік Жорж Батай
Жалын өзінің қандай екенін білмейді, өйткені өзінің белгісіздігіне əбден бойы үйренген.
Ілмектер: жалын Жорж Батай
Көрмеу үшін кіріп алатын құм төбешігіміз бос сөзден қаланған.
Ілмектер: сөз Жорж Батай
Болмыс алдындағы қорқыныш адамды саудагерге айналдырып жібереді.
Ілмектер: болмыс, қорқыныш, саудагер Жорж Батай
Адам күресіп жүрген кезінде күлкілі де, қасіретті де болып көрінбейді: оның бойындағының бəрі белгісіздік жағдайында тұрады.
Ілмектер: күрес, күлкі, қасірет Жорж Батай
Енді поэзия туралы былай дей аламын: ол — өзімізді өзіміз сөздің құрбандығына шалатын құрбандық.
Ілмектер: поэзия, құрбандық, сөз Жорж Батай
Адам білуі мүмкін нəрсенің ешқайсысы тəуекелсіз жоққа шығарылмайды.
Ілмектер: адам, тәуекел Жорж Батай
Ешкім де жападан жалғыз болмыстың шегіне шыға алмайды.
Ілмектер: жалғыздық, болмыс Жорж Батай
Бəрі болудан бас тарту — бəрінің күл-талқанын шығару деген сөз.
Ілмектер: бас тарту Жорж Батай
Жел туралы желсөз емес, желдің өзі маңызды.
Ілмектер: жел Жорж Батай
Зерттеушілер қауымы болмаса — таным да жоқ, сонымен ғана өмір сүретін қауымсыз — ішкі тəжірибе деген де болмас еді.
Ілмектер: Зерттеуші, қауым, таным Жорж Батай
Тыныштық аса ауыр жүрек қасіреті жағдайында сақталады.
Ілмектер: тыныштық, қасірет Жорж Батай
Түн туралы ойлаған кезде мен ештеңені көрмеймін де, ештеңеге құмарланбаймын да.
Ілмектер: түн, құмарлық, ой Жорж Батай
Барынша батыл адалдық деген сирек ұшырасады.
Ілмектер: батылдық, адалдық Жорж Батай
Балалардың қателігі — үлкендердің шындығын ұстануы.
Ілмектер: бала, қателік, шындық Жорж Батай
Күлкі де ер жетеді.
Ілмектер: күлкі Жорж Батай
Авторды шығармасы өлімге жетелеп əкеледі: бұл — өлу мəнері.
Ілмектер: автор, шығарма, өлім, мәнер Жорж Батай
Қайғы құрдымға кетіреді.
Ілмектер: қайғы, құрдым Жорж Батай
Қасіреттің мəні — адам баласының қиратпай, өлтірмей, жұтып қоймай өмір сүре алмайтындығында болғаны ма?!
Ілмектер: қасірет, өмір Жорж Батай
- Жорж Батай
- Жорж Батай
- Жорж Батай
- Жорж Батай
Барлық авторлар