Өлең, жыр, ақындар

Альфред Адлер

Альфред Адлер (нем. Alfred Adler; 7 ақпан 1870, Вена, Аустрия-Мажарстан - 28 мамыр 1937, Абердин, Шотландия, Ұлыбритания) — Аустрия психологі, психоаналитикалық бағыттың өкілі. Вена педагогикалық институтының (1915 жылы), Колумб университетінің (1929, Нью-Йорк) профессоры.

Адлердің психологиялық тұжырымы Зигмунд Фрейдтің психоанализміне біршама жақын. “Күйгелек мінез” (1912), “Дара өзгешеліктер психологиясының практикасы мен теориясы” (1920), “Адамтану” (1927жылы), “Өмірдің мән-мағынасы” (1933 жылы) т.б. еңбектерінде Адлер әр адам өзінің туа біткен кемістігін үнемі сезінеді, бұл жәйт оны басқа біреуден өзін артық деп ұғынуға, кемістігінің орнын толтыруға айрықша жұмылдырады, оған өктемдік жүргізуге итермелейді дейтін идеяны уағыздайды. Ол саналылық пен санасыздықтың арасында елеулі шегара жоқ, жан қуаттары бір-бірімен тығыз байланысты, адам ішкі дүниесін түгелдей негізгі мақсатына жету үшін жұмсайды дейді. Адлер өмірлік стиль, түс көру, неврозды зерттеуге елеулі үлес қосты. Отбасындағы әр жастағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың жеке басын қалыптастыруда тәрбие тәсілдерінің әсерін зерттеді. Адлер психологиядағы жаңа ағым — жаңафрейдшілдіктің тууына ықпал етті. Фрейдің адам мінезінің қалыптасуында алғашқы бес жыл ерекше орын алады дейтін тұжырымын жақтады. Адлер адам психологияның қалыптасуында шешуші рөл атқаратын тарихи-әлеуметтік факторды есепке алмады.


Нақыл сөздері

Көп адам қорқынышқа бейім тұрады. Ұялшақтық — кісінің басқалармен араласқысы келмейтіндігінің бір белгісі.

Ілмектер: қорқыныш, ұялшақтық Альфред Адлер

Адам болу — өз кемшілігін өзі сезіну деген сөз.

Ілмектер: кемшілік, сезім Альфред Адлер

Өте жолы болмаушылық — өзінің маңыздылығын сезінудің бұл да бір жолы.

Ілмектер: жолы болмаушылық, маңыздылық, сезім Альфред Адлер

Үлкен бояу! Құдіретті атану! — Кішкене немесе өзін кішкене сезінетін адам біткеннің мəңгілік құштарлығы осы ғана.

Ілмектер: құдірет, сезім, құштарлық, мәңгілік Альфред Адлер

Бір рет алған əсердің əсері жойылмайды.

Ілмектер: әсер, әсер алу Альфред Адлер

Неке дегеніміз — міндетті түрде бойжеткен қыздың əйел рөлін ойнауға толық мойын ұсынуы емес.

Ілмектер: неке, міндет, бойжеткен, қыз, әйел, мойын ұсыну Альфред Адлер

Өмірлік мақсаттардың басым бөлігіне тек бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Ілмектер: өлім, мақсат, жұмыс, қол жеткізу Альфред Адлер

Көп адам өмірден, өмір сүруден қорқады.

Ілмектер: өмір, қорқу Альфред Адлер

Көп адам басқаның көзімен көру, басқаның құлағымен есту, басқаның жүрегімен сезіну дегеннің не екенін де білмейді: оған үйренбеген.

Ілмектер: адам, көз, құлақ, есту, жүрек, сезім Альфред Адлер

Мақсатын сезінбеген істің мəні де шамалы.

Ілмектер: мақсат, сезім, іс, мән Альфред Адлер

Қызғаншақтық — атаққұмарлықтың əпкесі.

Ілмектер: қызғаншақтық, атаққұмарлық Альфред Адлер

Қарап көріңіз