Марғұлан Сейсембай — нақыл сөздері, ойлары және өмірбаяны

Марғұлан Сейсембай нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.

Автор туралы

Марғұлан Қалиұлы Сейсембаев – Қазақстандық инвестор, саяхатшы, қоғам қайраткері және бизнес-философ, «Сеймар» инвестициялық тобының директорлар кеңесінің төрағасы (1991-2009). 100-ден астам компанияның, меценат, қайырымдылық жасаушы.

1966 жылы 02 қарашада Қазақстанның Жезқазған облысында дүниеге келген.[1] Ата-анасы қызмет бабына байланысты Жезқазған облысының бір колхозынан екінші колхозына көшіп отырған. Найман тайпасы Бағаналы руының Жабай тармағынан шыққан.

Мектепті бітірген соң екі жыл бойы Марғұлан комсомолдық жастар бригадасында шопан және Жезқазған облысының «Амангелді» совхозында аға омарташы болып жұмыс істеді.

1989 жылы Қазақстандық мемлекеттік университетті аралау барысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев заң факультеті студенттерінің бірінен келесідей мәтіні бар хат алады: «Мен Марғұлан Сейсенбаевпын, сабақты өте жақсы оқимын, ағылшын тілін өзім үйрендім, мені шет елге оқуға жіберіңізші, бұл жер маған тарлық қылуда. Туған жер мүддесі үшін жұмыс істеуге уәде беремін». Бұл жолдардың авторы оқу озаты, бұрынғы шопан және кедей ауылда туып өскен Марғұлан Сейсембаев болған деседі (Марғұлан Сейсембаев туралы алып-қашпа әңгімелердің бірі)

1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтанушы» мамандығы, «Заңгер» біліктілігі бойынша үздік бітіреді. [5] Оқу кезінде Тимирязев 47 мекен-жайы бойынша, ҚазМУ қалашығындағы №9 жатақханада тұрды. 5-ші курстың барлық емтихандарын экстернмен тапсырады. Университетті қызыл дипломмен бітіреді.

1992 жылы 08 қарашада үйленеді, жұбайының есімі – Сәуле. 1992 ж. 19 тамызда Зере есімді қызды болады. 2008 жылдың 23 қарашасында Дәмелі және Альмира есімді егіздер дүниеге келеді.

Автордың бөлімдері

Нақыл сөздері

Жарияланған материалдар