Өлеңдер Бөлімі

Франсуа де Ларошфуко

Франсуа VI де Ларошфуко (15 қыркүйек 1613, Париж — 17 наурыз 1680, Париж), герцог де Ларошфуко — француз жазушысы, моральдық шығармалардың авторы. Оңтүстік француз тегіне жатады.


Нақыл сөздері

Қызғаныш күмәнмен қоректенеді; күмән сенімділікке айнала бастаған сәтте ол не өледі, не долылыққа айналады.

Ілмектер: қызғаныш, күмән, сенімділік, долылық Франсуа де Ларошфуко

Күштілердің қайырымдылығы көбінесе алпыс айлалы саясат болып табылады, ол саясаттың мақсаты - халықтың махаббатын жаулап алу.

Ілмектер: қайырымдылық, саясат, мақсат, халық Франсуа де Ларошфуко

Егер айналасын ақымақтар жайламаса, ақылды адам көптеген қиындықтарға дұшар болар еді.

Ілмектер: ақымақ, адам, қиындық Франсуа де Ларошфуко

Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.

Ілмектер: мақтаншақтық, адам Франсуа де Ларошфуко

Бақытты адамдардың ұстамдылығы баянды сәттілік сыйлаған сабырдан тарайды.

Ілмектер: бақыт, сабыр, адам Франсуа де Ларошфуко

Біздің көз қарашығымызды сөккеннен гөрі, талғамымызды жамандағанда намысымызға көбірек тиеді.

Ілмектер: намыз, талғам, жамандау Франсуа де Ларошфуко

Өзіміздің астамшылығымыз өзімізді жеңбесе, өзгенің астамшылығына шағым айтпас едік.

Ілмектер: астамшылық, шағым Франсуа де Ларошфуко

Бойымыздағы сенімділік, өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі.

Ілмектер: сенімділік Франсуа де Ларошфуко

Жұрттың бәрі ұмытшақпын деп зар илегенде жақсы, ал ақылының аздығына арыз айтқандарды кездестірген жоқпыз.

Ілмектер: ұмытшақ, ақыл, арыз Франсуа де Ларошфуко


×