Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Ұлы ақын, композитор, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Зерек ақыл - суық мұз.

Ілмектер: ақыл Абай Құнанбайұлы

Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол.

Ілмектер: ұл Абай Құнанбайұлы

Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ақыретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен.

Ілмектер: адам, дос, ақырет Абай Құнанбайұлы

Досыңа достық — қарыз іс.

Ілмектер: дос, достық, қарыз Абай Құнанбайұлы

Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

Ілмектер: сөз Абай Құнанбайұлы

Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.

Ілмектер: тәрбие, өнеге Абай Құнанбайұлы

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Ілмектер: адам, білім, көңіл Абай Құнанбайұлы

Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.

Ілмектер: хақ, сөз Абай Құнанбайұлы

Серт бұзғанның орны шоқ.

Ілмектер: серт, бұзу Абай Құнанбайұлы

Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.

Ілмектер: жан, жағу Абай Құнанбайұлы

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

Ілмектер: көрсеқызарлық, жеңілтектік, мінез Абай Құнанбайұлы

Пенде өлмейді арманнан.

Ілмектер: менде, арман Абай Құнанбайұлы

Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

Ілмектер: жүрек, жастық Абай Құнанбайұлы

Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.

Ілмектер: өмір Абай Құнанбайұлы

Распенен таласпа.

Ілмектер: рас, талас Абай Құнанбайұлы

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

Ілмектер: қайғы, қызық, жүрек Абай Құнанбайұлы

Қайғысыздың бәрі асау.

Ілмектер: қайғы Абай Құнанбайұлы

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

Ілмектер: ғылым, ақыл, мінез Абай Құнанбайұлы

Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

Ілмектер: қайғы Абай Құнанбайұлы

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.

Ілмектер: ақыл, ынта Абай Құнанбайұлы

Қарап көріңіз