Корейская косметика премиум класса

Ғабиден Мұстафин

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.


Туындылары Нақыл сөздері

Сиыр сипағанды, жаман адам қадірді білмейді.

Ілмектер: қадір, сиыр, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Тap пейілге — дүние тар, кең пейілге — лашық та кең.

Ілмектер: пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, лашық Ғабиден Мұстафин

Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқадан қызғанба.

Ілмектер: қызғаныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тілек Ғабиден Мұстафин

Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек? Адам адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?

Ілмектер: оқы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Біреулер айлакерді де ақылды, десіп жүр. Айла айуанда да бар, ақыл тек адамда.

Ілмектер: айлакер, ақыл, айла, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Бақ — кейде тауып, кейде ауып қонады. Ауып қонса есіртеді, тауып қонса есейтеді.

Ілмектер: бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Арман дегеннің таудайы, түймедейі бар. Өзіңнің түймедейің басқаның тауындай көрінбесін.

Ілмектер: арман, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Жақсысын көріп жаманын көрмеген алданады.

Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Жолдас көп. Кім қаншаға баратыны жол айрығында көрінеді.

Ілмектер: жолдас, дос, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Отты су сөндіреді, махаббат отын опасыз сөндіреді.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әдебиетке ғылым, білім, тәжірибеден бұрын талант керек.

Ілмектер: Әдебиет, ғылым, білім, тәжірибе, талант, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әдебиет адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі.

Ілмектер: Әдебиет, адам, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Жақсы әдебиет — түзу айна, жаман әдебиет — қисық айна.

Ілмектер: әдебиет, айна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әдебиет — өмір айнасы, ішті, сыртты бірдей көрсететін.

Ілмектер: Әдебиет, өмір, айна, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Алдың — орман, артың — тайғақ кең дүние-ай, мұндай сұлу болармысың! Қураған кәрі де, балдыр жас та саған құмар. Шіркін арман!

Ілмектер: дүние, арман, кәрі, жас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Бес күндік дүние шіркіннің он күндік арпалысы бар.

Ілмектер: дүние, шіркін, арпалыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Дүниенің ең қызығы — алу емес, беру. Берудің қызығын көрген — алудың да қызығын көреді. Алудың ғана қызығын көрген, берудің қызығын көре бермейді.

Ілмектер: Дүние, қызық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алу, беру Ғабиден Мұстафин

Дүние шіркіннің тәттісіне түшіркеніп, ащысына ашырқанбаса, адам сорлы не көрдім деп кетеді?

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Дүние құрғыр кімнің бетін бұрмайды?

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Жылай келген дүниеден күңірене бір кету бар ғой.

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин


×