Өлең, жыр, ақындар

Жалаң және жайылма сөйлем

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Бәйтерек ауылы, Әл-Фараби атындағы орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі: Акжигитова Н.К.

 

Пәні:  Қазақ  тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың  мақсаты : 

1. Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік  беру, жаттығулар арқылы меңгерту. Сөйлемнің  жалаң, жайылма  болып бөлінуі, ажырата білуге үйрету.

2. Сөздік қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық  қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың сауатты, көркем  жазу дағдыларын  жетілдіру.

3. Іздемпаз, тапқыр, еңбекқор, өз ойын пікірін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: Аралас сабақ

Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, іздену, ойын, жазба жұмыс, топпен жұмыс.   

Көрнекіліктер: сызбалар, слайд, кестелер, қима қағаздар, топтастыру.         

Сабақтың барысы :

 I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық (балаларды топпен кіргізіп, сәлемдесу).

Оқушылар назарын сабаққа аудару (психологиялық  дайындық ).

-  Балалар, қазір қай сабақ?  (қазақ тілі).

                                 Қазақ тілім – өз  тілім ана тілім,

                                 Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

                                 Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

                                 Болашағым, бақытым, дара тілім.

Міне, балалар ғұлама, кемеңгер ақындарымыз туған тіліміз туралы өздерінің жырларында жырлаған. Бүгінгі біздің қазақ тілі сабағына  қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.

Сабақты бастамас бұрын бір-бірлеріңе сәттілік тілеңдер!

II. Үй тапсырмасын  ексеру

-  Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

89-бет 4-жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрастыру.

(4 топтан 4 оқушыға оқыту, тексеру)

III. Өткенді қайталау

-  Балалар, сөйлем дегеніміз не?

-  Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

-  Сөйлем мүшелері қаншаға бөлінеді?

-  Тұрлаулы мүше дегеніміз не?

-  Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

IV. Мақсат  қою  кезеңі

-  Балалар, бүгін біз сендермен сөйлемнің  2 түрімен танысамыз, оларды ажырата білуді үйренеміз, көптеген тапсырмалар орындаймыз.

V. Жаңа сабақ

-  Балалар, бүгін біз сөйлемнің 2 түрімен танысамыз.

                                    Сөйлем

                                ↙                ↘

                         Жалаң            Жайылма

Мұғалімнің түсіндіруі:

- Ал енді балалар қазір қай жыл мезгілі? (қыс)

- Қыста неше ай бар? (3 ай)

- Ал бүгін күн ретін жазайық.

- Бүгін нешесі? (3 желтоқсан)

- Дәптерімізді ашып жазайық.

                                Дәптерімді ашамын,

                                Көлбеу етіп коямын.

                                Қолыма қалам аламын,

                                Көркем етіп жазамын. 

Көркем жазу Ж.ж.

Балалар тақтаға назар аударыңдар!

Видеоролик ертегі. Қошқар мен теке.

Балалар нені көрдіңдер? (ертегі)

Жақсы, олай болса бүгін біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Оқулықтағы 1 жаттығуға назар аударыңдар.

1 жаттығуды орындамас бұрын бір сұраққа жауап беріңдер?

- Биыл қай жыл? (2015)

- Қалай аталады? (қой жылы)

- Жақсы біздің қойымыз қиындыққа тап болыпты, оны қасқыр жегелі тұр екен қойға көмектесеміз бе?

1- жаттығу

Сөйлемдерді салыстырып оқыту. 4 топқа 1 сөйлем. Балаларга ауызша орындату.

- Балалар алдымызда қай жыл келе жатыр? (мешін)

- Жарайсындар олай болса, тақтаға назар аударындаршы мешін қиындыққа тап болыпты. Мешіннің (бананға) азығына қолы жетпей тұр екен. Мешінге сендердің көмектерің керек. 2-ші жаттығуды орындасаңдар мешінге көмектесесіңдер.

2-жаттығу

Сөйлемдерді оқып, сөйлем мүшелеріне талдау.

Шығармашылық жұмыс.

Берілген жалаң сөйлемдерден төмендегі сызба бойынша толықтырып жаздыру

□ □

□ □  □

□ □ □ □

Сергіту сәті

3- жаттығу

Сөйлемдерді оқып, алдымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жаз.

- Балалар бір жұмбақ жасырайын жауабын табыңдаршы?

- Керуен дегеніміз не?

- Керуенді көргендерің бар ма?

- Жақсы балалар биыл қазақ хандығына неше жыл? (550 жыл)

- Онда осы керуеннің тапсырмаларын орындайық.

5- жаттығу

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Сабақты бекіту.

Кім жылдам ойыны.

Жалан сөйлемді жайылма сқйлемге айналдыр.

Сабақты қорту.          

Сөзжұмбақ

б

а

С

т

а

у

ы

ш

 

 

 

с

Ө

з

 

 

 

 

 

 

ж

а

Й

ы

л

м

а

 

 

 

ж

а

Л

а

ң

 

 

 

 

 

 

 

Е

т

і

с

т

і

к

 

 

 

М

ә

т

і

н

 

 

 

      

1) Кім? кімдер? не? нелер? сұраңына  жауап беретін тұрлаулы мүше?

2) Сөйлем неден құралады?

3) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден құралатын сөйлем?

4) Тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем?

5) Заттың қимылын білдіретін сөз табы?

6) Пайымдау, сипаттау, әңгімелеу неге жатады?  

Үйге тапсырма беру.

Бағалау. 


Пікірлер (2)

Дастан

Жаксы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз