Абзал Алмуханов Уахитович
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы
Маштексай ауылы
С.Меңдешев атындағы орта мектеп
Биология, география пәні мұғалімі
Пән: география.
Сынып: 6ә
Сабақ тақырыбы: ЖЕР ҚЫРТЫСЫН ТҮЗЕТІН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ.
Мақсаты: оқушыларда тау жыныстарының түзілу жолдары мен алуан түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеті:
1. Жер қыртысының түзілуі жайлы түсініктерін жалғастыру.
2. Оқушылардың «пайдалы қазбалар», «тау жыныстары» терминдерін ұғуын, неғұрлым кең тараған пайдалы қазбаларды, олардың қасиеттерін тани білуін қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың өз ойын жеткізе алу, топта жұмыс істей білуге баулу.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сарамандық әдіс, картамен жұмыс, кесте, сызбалар толтыру, топтастыру стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: география-геология
Көрнекіліктер: «Тау жыныстары мен минералдар» жинағы, Дүние жүзі мен Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта.
Сабақ барысы:
Сынып қалай таза ма?
Сүртілді ме тақтамыз?
Ден сау болсын десеңіз,
Тазалықты сақтаңыз.
Оқушылар түгел ме?
Кезекші оны біле ме?
Түгел болсақ балалар,
Бәрін маған қараңдар.
(Литосфера – жер қыртысы мен жоғарғы мантиядан тұратын Жердің тас қабығы.)
(Жер қыртысы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын Жердің сыртқы қабығы. Үш қабаттан: шөгінді, гранит, базальттан тұрады. Қалыңдығы мұхит астында 5-10 км, құрлықта 35-45 км, таулы аудандарда 75 км дейін.)
(Мантия ядро айналасында орналасқан және Жердің негізгі массасын құрайды. Оның қалыңдығы 2900 км, температурасы 2500 градусқа дейін жетеді. Құрамында темірден бар ауыр минералдардан тұрады. Мантия заты жұмсақ сыртқы бөлігінен басқа қатты күйде болады.)
Табиғатта минерал, тау жыныстарының мыңдаған түрлері белгілі. Минералдар біртектес болса, тау жыныстары күрделі құрамды болады. Екеуі де құрылысы, қаттылығы, тығыздығы, түсі, жылтырлығы, балқу температурасы және басқа да қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Оның негізгі себебі – олардың жер қойнауы мен бетінде түзілу және өзгеру шарттарының өзгешіліктеріне байланысты. Түзілуіне қарай тау жыныстары мен минералдарды магмалық, шөгінді, метаморфты деп бөлуге болады.
3-слайд.
Оқушылар кестені дәптерге толтырады.
Магмалық тау жыныстары. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары м а г м а л ы қ т а у ж ы н ы с т а р ы деп аталады. Магма (грекше magma – былғама, қойыртпақ) Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат. Ол жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында орналасады.
Шөгінді тау жыныстары жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық секілді сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар. Оған барлық тау жыныстардың 75% тиесілі. Олар кесек, химиялық және органикалық түрлерге бөлінеді. Магмалық тау жыныстарының температура, жел, судың әсерінен өзгеріске ұшырап, су түбіне шөгуінен кесек шөгінділер пайда болады.
Суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер қабатына қосылады. Мысалы, тұз, тағы басқа. Мұндай жолмен химиялық шөгінділер пайда болады. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануар қалдықтары органикалық шөгінділерді құрайды. Мысалы, өсімдіктердің шірімей, көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдығынан бор құралады.
Шөгінді тау жыныстары ұзақ уақыт жатып тығыздалса, қатты жыныстарға айналады. Осындай жолмен құмнан – құмтас, саздан – сазды тақтатас, бордан – әктас түзіледі.
Метаморфты тау жыныстары. Жердің терең қабатына батқан магмалық, шөгінді жыныстар үстіңгі тау жыныстарының қысымы, жоғары температураның әсеріне ұшырайды. Магманың ыстық лебінен қайта балқиды. Шөгінді жыныстарды су біріктіріп қатырады. Осылардың әсерінен тау жыныстары өзінің бастапқы қалпынан айрылады, олардың құрамы өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстары м е т а м о р ф т ы (грекше метаморфоза - өзгеру) т а у ж ы н ы с т а р ы деп аталады. Метаморфоз әсерінен әктас – мәрмәрға, сазды тақтатас –кристалды тақтатасқа, құмтас – кварцитке айналады.
метаморфты тау жыныстарының ерекшелігі – көп жағдайда олардың жаншылып, тақталанған немесе магманың ыстық лебіне ұшыраған өзгерістері байқалып тұрады. Мысалы кристалды тақтатастың тақталанған белгісімен қатар, ішіндегі кесек қиыршықтардың метаморфизм әсерінен кристалды түйіршіктерге айналғаны көрінеді.
Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел болып табылады. Барланған қор көлемі жағынан: мырыш, вольфрам өндіруде әлемде 1-орын, күміс, қорғасын өндіруде 2-орын, мыс өндіруде 3-орын алады. Біздің Батыс Қазақстан облысы көмірсутек шикізаты - мұнай, табиғи газға бай. (Қазақстан картасынан аталған пайдалы қазбалар көрсетіледі.)
Слайд 11
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ |
||||
Магмалық |
Шөгінді |
Метаморфты |
||
Гранит Базальт Пемза |
Кесек |
Химиялық |
Органикалық |
|
Саз Құм Қиыршық тас |
Ас тұзы Калий тұзы Гипс
|
Мұнай Табиғи газ Тас және қоңыр көмір Шымтезек Жанғыш тақтатас Әктас, бор |
Мәрмәр Кварцит Гнейс |
Пайдалы қазбалардың қолданылуы бойынша жүйеленуі.
1. Жер қыртысы неден құралған? (Алуан түрлі жыныстар мен минералдан)
2. Тау жыныстары деген не? Мысал келтір. (Тау жынысы деп жер қыртысын құрайтын табиғи заттарды айтады. Мысалы гранит.)
3. Минерал деген не? Гранит қандай минералдан тұрады?
(Минерал – жер қойнауында және бетінде пайда болатын құрамы мен қасиеттері бойынша біртектес табиғи дене. Мысалы, гранит: кварц, дала шпаты, слюдадан тұрады. Тек бір ғана минералдан тұратын тау жыныстары да бар. Оған тас тұзы мысал бола алады.
(Адамның шаруашылығында қолданатын тау жыныстары мен минералдар. Пайдалы қазбалардың шоғырлануынан кеніштер түзіледі).
5. Шығу тегіне қарай тау жыныстары, минералдар қандай топтарға бөлінеді? (магмалық, шөгінді, метаморфты)
6. Магмалық тау жыныстары қалай пайда болады? (Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болады)
4. Шөгінді тау жыныстары қандай топтарға жіктеледі? (кесек, химиялық, органикалық)
5. Метаморфты тау жыныстары қалай пайда болады? (Тау жыныстарының жер қойнауына батып, ішкі күштер – температура, қысым әсерінен өзгеріске ұшырау нәтижесінде пайда болады)
9. Батыс Қазақстан облысы қандай пайдалы қазбаларға бай? (мұнай, газға)
Бекіту бөлімі: ә)сөзжұмбақ шешу
«Сөзжұмбақ шешу»
1.Азия мен Европаны бөліп тұрған тау (Орал)
2.Магмалық тау жынысы (гранит)
3.Тигр, Ефрат өзендерінің арасындағы жазық (Месопатия)
4.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы (Джомолунгма)
5.Кавказдағы сөнген жанартау (Эльбрус)
6.Башқұртстанның астанасы (Уфа)
7.Ыстық су шапшып тұратын бұлақ (Гейзер)
8.Солтүстік Американың батысындағы тау (Кордильер)
9.Жер шарындағы ең биік тау (Гималай)
Бекіту бөлімі: Б) сараман жұмысы Слайд 15
Тау жыныстары мен минералдарды пайдаланып топтарда өткізілетін сараман жұмысы.
«Тау жыныстары, минералдардың қасиеттері»
Оқушыларға «Тау жыныстары мен минералдар» жинағы таратылып беріледі. Олар минералдардың қасиеттерін анықтап, төмендегі кестені толтырады.
Атауы |
Шығу тегі |
Түсі |
Жылтырлығы |
Мөлдірлігі |
Қаттылығы |
Шаруашылықта пайдаланылуы |
Гранит |
|
|
|
|
|
|
Әктас |
|
|
|
|
|
|
Мәрмәр |
|
|
|
|
|
|
Көмір |
|
|
|
|
|
|
Базальт |
|
|
|
|
|
|
ұлжан
бұнда сұраққа дұрыс жауап жазбаған
Алина
келісемін,сұраққа жауап жазбаған
?????
шамалы сұрақтарға жауап жазбаған ал былай жақсы
дина
иә дұрыс айтасыздар
???
жақсы жазған бірақ бұнда гранит пен вазальт туралы түсінік жоқ екен