Алматы облысы Жамбыл ауданы
Сарыбастау ауылындағы орта мектептің
Математика пәнінің мұғалімі: Ералиева Салтанат Бектурсыновна
Интеллектуалдық олимпиада /5-6 сыныптарға арналған/
Мақсаты:
1. Білімділік: Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;
2. Дамытушылық: жалпы логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Ойынның барысы:
I. Кіріспе бөлім
Кіріспе сөз. Қазылар алқасын сайлау
1 жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
«Тапқыр болсаң тауып көр деп аталатын интеллектуалдық олимпиаданы бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
1-жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топ мүшелерін халайық
Қол соғып қарсы алайық.
Сайысқа қатысатын оқушылар орындарына келіп отырады.
2 жүргізуші:
Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!
II. Негізгі бөлім
1 жүргізуші. «Тапқыр болсаң тауып көр деп аталатын интеллектуалдық олимпиада төрт айналымнан тұрады .
2 жүргізуші : Ойын шарттарымен таныс болыңыздар
Ойынның шарттары:
1-жүргізуші: ойынға 3 оқушыдан екі топ қатысады.
2 жүргізуші: І - айналым: Сұрақтар (әр топқа 5 сұрақтан беріледі, берілген сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1 топқа сұрақтар :
1. Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші /иә/
2. Дұрыс бөлшекті аралас санға айналдыруға болады /жоқ/
3. Тең бөліктер үлес /иә/
4. Санды өрнек саннан,амал таңбаларынан тұрады /иә/
5. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді. Бұл терімділік қасиет /жоқ/
1 жүргізуші: 2 топқа сұрақтар
1 жүргізуші :
ІІ - айналым: Мақал-мәтелдердегі қажетті санды табу керек.
Дұрыс жауапқа 20 ұпай
2 жүргізуші: 1.....жақсы қос болмас,
......жаман дос болмас (екі)
1 жүргізуші: 2.....бармақ жиналса, жұдырық болады (бес)
2 жүргізуші: 3. ... тістен шыққан сөз,
.....рулы елге тарайды (отыз)
1 жүргізуші: 4.....кісі қазған құдықтан, (бір)
.... кісі су ішеді (мың)
2 жүргізуші: 5. ... жұрттың тілін біл,
......түрлі білім біл (жеті)
1 жүргізуші: 6. Досыңды.....күн сынама, .....жыл сына. (үш)
2 жүргізуші :
ІІІ - айналым: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
1 ұяшық : Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (Жауабы: 4 мысық)
2 ұяшық: Математикалық тәуелділікті тауып, жоқ санды жаз.
1; 6; 12; 19;... ( Жауабы әр санға қосылған сан келесіде 1-ге артып отырған. Сонда келесі сан 27)
3 ұяшық: 1,2,3 цифрларының әрқайсы қайталанбайтындай етіп құрастырылған барлық үш таңбалы сандардың қосындысын тап.
(Шешімі: мүмкін нұсқаларды іріктеу 123+132+213+231+312+321=1332)
4 ұяшық: Математикалық тәуелділікті қолданып, жоқ санды жазу.
14(625)11; 12(196)2; 10 (?) 5. (Жауабы: 225, себебі жақша ішіндегі сан жақшаның алдындағы және кейінгі сандардың қосындысының квадратына тең.)
1 жүргізуші:
ІV - айналым: Анаграмманы шешіп, артық сөзді алып тастау. Дұрыс жауап 40 ұпай .
Интерактивті тақтада берлгін математикалық фигураны таңдайды, фигураның артында анаграмма жасырылған.
ШӨБКЕЛ М А Л А Қ
ТІПКА Ш Ө Г Б І Л
С Е К Е Л І Д У Е Ң Т Е
Л А Н Р У Т А Ш О Қ Ы Л Ғ Ы С
Т І Ш К Е Б Ө Й К І С Е Н Д І К
( Жауабы: бөлшек,кітап, еселік, натурал, көбейткіш. Қалам, бөлгіш, теңдеу, қосылғыш, кесінді)
2 жүргізуші: Әділқазыларға сөз береміз.
1 жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспін.
мадина
маған аз ғана ұнады мен негізі басқа сайт іздеп едім