Өлең, жыр, ақындар

Тұрлаулы мүшелер

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы тірек

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тойынбекова Жайнагүл 

Пән: Қазақ тілі                                                     

Сынып: 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Мақсаттары: Оқушылар тұрлаулы мүшелер туралы біледі, білген білімін  топпен жұмыс істеуге пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамытады.

Күтілетін  нәтиже:  Дұрыс сөйлеуге үйренеді.Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ  қоя біледі; Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін  басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл, Семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, сұрақ-жауап, Астанаға саяхат, жұптық жұмыс.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

 

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

 

Білім Қызығушылық  тарын  ояту

2мин

Миға шабуыл әдісі бойынша сұрақ-жауап

Жұптық жұмыс

Психологиялық дайындық. Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Есімдеріне байланысты тілек сөздер айтып бір-біріне көңіл-күй сыйлайды. Топ ережесін еске түсіру. Әртүрлі шарлар арқылы топқа бөліну.

АКТ

Түсіну

7мин

«1 қадам артқа, 2 қадам алға

Үйге берілген тапсырманы сұрау.                                                                                                                                                         

 

Жұптық жұмыс арқылы сөйлем мүшелерін қайталау.

58-жаттығу

ЖТ

ЖЕ

Қолдану

10мин

Жаңа сабақ

Астананың көрікті жерлеріне саяхат.

Бәйтерекке саяхат жасау арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.

 Әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізіп отырады. Ақордаға саяхат.

Билет алу арқылы әр топтан оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тақтадағы сөйлемдерді оқып талдау арқылы сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ұғыну.

Әр топтан оқушылар тақтада жаттығу орындап, сөйлем мүшелеріне талдайды.

СТО

Сергіту сәті

1 мин

«Қара жорға биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

АКТ

Талдау

15мин

Топтық тапсырма

Семантикалық карта

Венн диаграмма

Әр топқа оқулықтан тапсырмалар беріледі.

Әр топқа семантикалық карта және Венн диаграмма арқылы тұрлаулы мүшелерді салыстыру тапсырмасы беріледі. Жауаптарын қабылдап бағыт беру.Әр тапсырма сайы оқушыларды смайлик арқылы , бағдаршаммен және ауызша бағалап отыру

Әр топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды, талдайды және топтар бірін-бірі бағалайды.

Семантикалық картамен жұмыс жасайды, Венн диаграмма арқылы бастауыш пен баяндауыштың ұқсастығы мен ерекшелігін айтып, топта талдайды.

 

 

Жинақтау

6мин

Тест

Тест парақшаларын тарату. Қорытындысын шығару

Берілген тест сұрақтары арқылы жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды.

 

Бағалау

2 мин

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға іледі.

Тапсырманы өздігімен дәптерге жазғызу.

Бағалауды басқару

Әр топтағы бағалау критерийлерінің шығарылған қорытындысын айтады, жиынтық бағасын щығарады.

Топ басшысы бағалау критерийі арқылы топ мүшелерін бағалайды, қорытындысын шығарады.

Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.

 

Рефлексия

2 мин

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз