Өлең, жыр, ақындар

Туған жер. Қасым Аманжолов

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасындағы тірек мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Укеева Әсем                            

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Тақырыбы: Туған жер. Қасым Аманжолов.
Сабақтың мақсаты:

А) Оқушының өлеңмен таныса отырып, өз туған жерінің ерекшелігін ақын сезімімен сезінуге үйрету.
Ә) Оқушыны шығармашылыққа баули отырып, ақынға деген, туған еліне деген көз қарасын дамыту.
Б) Еліне, жеріне деген патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Р/с

Атқарылатын жұмыстар

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Бағалау

Оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру. Топқа бөлу.

Суреттер арқылы

Актив, билайн, теле2-ның  суреттері

 

Суреттер бойынша топтарға бөлінеді.

Актив, билайн, теле2-ның  суреттер таратамын.

2

Психологиялық дайындық жасау.

 

 

 

Бір-бірінің көңіл күйін біліп, тілек айтады.

Бір-біріне қаратып, жақсы тілектер айтқызамын.

3

Үй тапсырмасын сұрау.

«Елтаңба мен Ту туралы жыр»

1. Мәтін мазмұнын мазмұндау.

2. Эссе жазу.

3. Сурет салу.

 

Мадақтау

Үй тапсырмасын мазмұндайды, оқиды, көрсетеді.

Тыңдаймын.

3

Жаңа сабақ

Ой қозғау.

 

Формативті

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтады.

Тыңдаймын.

4

Көрсетілім.

Қ. Аманжолов өмірбаянымен және еңбектерімен таныстыру. Туған жер туралы бейнежазба көрсету.

Түсіндіру

Бейнежазба

 

Бейнежазбаны тыңдайды, көреді, түсінеді. Автор туралы, туған жер мағұлмат алады.

Бейнежазбаны көрсетемін.

5

Оқулықпен жұмыс.

«Ойлан, жұптас, топтас, бөліс» әдісі.

Оқулық

Бағдаршам

Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқиды, 1-ші топ бірінші шумақты. 2-ші топ екінші шумақты. 3-ші топ үшінші шумақты оқып талдайды.

Әр топ өлең мазмұны бойынша 3 сұрақтан дайындайды. Дайындаған сұрақтарын қарсы топтарға қояды.

Бақылаймын, бағыт-бағдар беремін. Тыңдаймын.

6

Сергіту сәті.

Автралиялық жауын.

 

 

Мұғалімнің көрсеткен дене қиылдарын жаңылмай жасайды.

Дене қимылдарын көрсетіп тұрамын.

7

Дәптермен жұмыс.

Ой қозғау.

Оқулықтағы 1-тапсырма

Формативті

Сөзжұмбақты шешеді.

Нұсқау беремін.

8

Сабақты пысықтау.

Сұрақ-жауап әдісі.

 

Мадақтау    

 

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

- Өлеңнен ұйқас сөздерді табыңдар.

/тауға, балаға, далаға барыс септігінің жалғаулары жалғанған/

- Ақынның көңіл-күй, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?

- Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?

Өлең мазмұны бойынша түсінгендерін байқау мақсатында сұрақтар қоямын.

9

Қорытынды.

 

1.Постер сызу.

2. Эссе жазу. «Туған жердің топырағы.»

Плакат, маркер.Слайд

 

1.Тақырып бойынша түсінік картасын сызады.

2. Мен бастап берген эссені аяқтайды.

     Қыс кезі. Бүгін күн ерекше суық. Айнала аппақ қар. Ал менің алдымда бір уыс топырақ тұр. Мен осы бір уыс топыраққа қарап рахаттанамын. Өйткені, ол менің туған жерімнің топырағы.
О, шіркін, туған жер. Әр адамға ыстық қой, ыстық...../аяқтау./

1. Бақылаймын, бағыт-бағдар беремін.

2. Слайдта жазылған эссені  оқып беремін, әрі қарай өздеріне жаздырамын.

10

Бағалау.

 

 

 

 

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

11

Үйге тапсырма.

 

 

 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Ортақ тапсырма: Қ. Аманжолов. «Туған жер» өлеңін жаттау.
І - ІІ деңгей: Шығармашылық тапсырма: «Туған ауылым» тақырыбына әңгіме жазып келу., немесе өлең құрастыру.
ІІІ - деңгей. Осы тақырыпқа сурет салу.

12

Рефлексия

 

Кері байланыс парағы

 

Кері байланыс парағына Не білдім? Не білгім келеді? Қандай қиындықтарға кездестім және оларды қалай жеңдім? деген сұрақтарға өз ойын ашып жазады.

Кері байланыс


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз