Өлең, жыр, ақындар

Диаграммамен жұмыс істеу

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылы

 №124 орта мектеп Кеңпейілов Абай

Пән аты: Информатика

Класы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Диаграммамен жұмыс істеу.     

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі:  Оқушыларға Excel бағдарламасын графикалық мүмкіндіктерін, Excel функцияларын пайдалануды, диаграммалардың түрі мен жұмыс істеуді меңгерту;

Тәрбиелілігі: Өз бетінше жұмыс істеудағдысын, топпен жұмыс жасай білуді, ақпараттық мәдениетке, ақпаратты өңдеу ісін жүргізе білуге;

Дамытушылығы: теориялық білімдерін практикада қолдана білуді, өз бетінше жұмыс жасай білудің икем дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, зейінін пәнге деген қызығушылығын дамыту;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту, икем-дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың әдісі: көрнекі-практикалық

Сабақтың өтілу формасы:  ұжымдық және жеке оқушымен

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары: интерактивті пайд. Тест алу)

1. Өзқосынды деген не?

а) ұяшықтар ауқымының жалпы қосындысын есептеп шығарады

ә) артуы бойынша сұрыптау 

б) кемуі бойынша сұрыптау

      2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?

а) керекті аймақты ерекшелеп маустың оң жақ батырмасын басып, бағыныңқы менюден ұяшық форматынан айналдыру 

ә) керекті аймақты ерекшелеп маустың сол жақ батырмасын басып, бағыныңқы менюден ұяшық форматынан айналдыру 

б)  Формат- Направление текста

      3. Excel құжаты кеңейтімі

а) xls;

ә) doc;

б) bmp;

4. Формула қандай символмен басталады?

а) =

ә) %

б) ∑

5. Ұяшық деген не?

а) деректер сақталатын орын

ә) Кестелер жиынтығы

б) деректер жиынтығы

      6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?

а)  Формат – Автоформат

ә) Сервис -Автоформат

б) Вставка- втоформат

      7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай қатардың элементтерін қолданамыз?

а)  Пішімдеу қатары

ә) Стандартты қатар

б) Меню қатары

      8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

а) Файл – Параметры страницы -печать

ә) Файл – печать – бет номері

б)  Файл – Сtrl+H

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 Диаграммамен жұмыс істеу.

Оқушылар ақпаратттарды көрнекі, салыстырмалы, түсінікті болуы үшін біз мониторингтер түрінде жасап жүрміз. Ақпаратты біз  бұдан да нақты графиктік түрде ұсына аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.

Диаграмма – деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады .

Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметті белгіленген кейін аспаптар панелінен немесе Вставка –Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін төмендегідей терезе шығады:

1. Диаграмма тұрғызудың бірінші қадамы:  Диаграмма типін таңдау.  

             Диаграмманың 14 типі бар.

2.  Қадамда диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу.

3. - қадам диаграмманың тақырыбын, мәтін енгізу.

4.  қадамда диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз.

Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммаларлдың барлығының екі осі:

  • горизонталь немесе категориялар осы
  • вертикаль немесе мәндер осі қосылады.

Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.

  1. Жаңа  сабаққа  практикалық жұмыстар.

І-деңгей.  Төмендегі функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

ІІ–деңгей. Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

ІІІ-деңгей. Төмендегі гистограмма және дөңгелек типін таңдап диаграмма тұрғыз.

IV. Сабақты бекіту.

«Бейнелік жады»  ойыны

Ойын шарты бойынша диаграмма түрлерінің бейнесі көрсетіледі. Аз уақыттан соң бейнелер жасырылып,  оқушы есінде қалған бейненің суретін салып және бейнеге түсінік береді.

1. Бағандық

2. Сызықтық

3. Дөңгелек

4. Нүктелік

5. Цилиндрлік

6. Көпіршіген

7. Сақиналық

8. Жапырақшалық

9. Конустық

10. Пирамидалық

V. Үйге тапсырма беру.  Диаграммамен жұмыс істеу.     

VI. Оқушыларды бағалау.

 

Оқушының аты-жөні

І кезең

Ұйымдастыру

кезеңі

ІІ кезең

Үй

тапсырмасы

    ІІІ кезең      Жаңа

сабақты

меңгерту

ІV кезең

Сабақты

қорытындылау

V кезең

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз