Өлең, жыр, ақындар

Досымның тілі – менің тілім

Солтүстік-Қазақстан облысы

                                                                    Ақжар ауданы

Горьковский орта мектебінің

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

Ғабдуллина Сәуле Қайыргелдіқызы

Тәрбие сағаты «Досымның тілі – менің тілім»

Мақсаты: Әр ұлттың тілін үйренуге тырмысу, олардың мақал - мәтелдер мен достыққа арналған тақпақтарын, ойындарынбілу, есте сақтау. Ұйымшылдыққа, достыққа, тиянақты болуға ұмтылдыру.

Көрнекілігі: достардың суреттері, мақал- мәтелдер

1 жүргізуші: Жер шарында 900 жуық  ұлт өмір сүреді.Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтаған астам адам сөйлейді. Қазақ тілінде 10 миллион адам сөйлейді.

2 жүргізуші: Әлемде бір қатар ел көп тілді болып есептеледі. Мәселен, Үндістанда бірнеше жүз тіл мен диалект бар. Солтүстік және Оңтүстік Америкада индеецтер бірнеше жүздеген тілде сөйлейді. Ал Африкада толып жатқан рулар диалектісін айтпағанның өзінде жүздеген тілде сөйлейтін тайпалар өмір сүреді.

1 жүргізуші: Дүниежүзіндегі ең көп тараған тілдер - қытай, ағылшын, хинди, Орыс, осыған жақын урду, жапон, неміс, индонезия, бенгал, португалия, италиян тілдері.

2 жүргізуші: Орыс немесе ағылшын тілдерінің әрқайсысының сөздік қоры миллионға жуық. Алайда қазақ тілінің байлығы бұлардың бірінен де кем емес.Барлығымызда әр ұлттан достарымыз бар.Соларды амандасуы мен тақпақтарын, ән - билерін ұсынамыз.

  • Сәлеметсіздер ме!
  • Гутен таг!
  • Здоровеньки булы!
  • Здравствуйте!
  • Салем!
  • Хай!

1 оқушы: Менің досым Шиш Римма. Оның жасы онда. Біз кішкентай кезімізден доспыз. Оның ұлты – орыс. Римма өлең айтуды, суреттеуді жақсы көреді. Ол сыныпта белсенді оқушыларды бірі.

2 оқушы: Менің досым – Әсия. Ол қазақ. Оның жасы он бірде. Ол би билеуді, өлең айтуды жақсы көреді. Біз Әсия екеуіміз мектепке бірге барамыз. Бір – бірімізге әрдайым көмектесеміз.Әсия үйде анасына да ылғи көмектеседі.

3 оқушы: Менің досым – Саша.Ол неміс. Жасы онда. Ол маған неміс тілін үйретеді. Мектепте озат оқушыларының бірі. Екеуіміз жақсы доспыз.

4 оқушы: Менің досым –Нина. Оның ұлты -  белорус. Нина үйінде өз тілінде сөйлеседі. Нинаға қазақтың ұлттық тағамдары өте ұнайды. Мен  досымды құрметтеймін. Ол да мені жақсы көреді.

Бірге: (өлең айтады)

           Если с другом вышел в путь,          

           Если с другом вышел в путь,

           Веселей дорога.

           Без друзей мне не везет,

           Без друзей мне плохо. 

          Что мне снег, что мне зной,

          Что мне дождик проливной,

          Когда мои друзья со мной.  

 

1 оқушы: Жақсылыққа, бақытқа

                  Талпынған әр уақытқа

                  Бала біткен дос-бауыр

                  Болмасын еш тосқауыл

 

2 оқушы:Екі құрбы дос болады

                Мінез-құлқы үйлесіп

                Көрсе көңілі хоштанады,

                Жоқта, жайсыз күй кешіп

 

3 оқушы:Өкпелесіп сызданбайды

                 Бірін-бірі сыйлайды.

                Жақсылықты қызғанбайды,

                Жамандыққа қимайды.

 

4 оқушы: Алғыс айтып сауықта елден,

                 Оқуда артта қалмайды.

                 Төнген қатер-қауіптерден

                 Бірін-бірі қорғайды.

 

5 оқушы:Ұнатып жан кеңшілігін

                Берілмей бос сезімге.

                Бір-бірінің кемшілігін

                Түзетеді кезінде.            

 

6 оқушы:Ақылдасып, кеңеседі,

                Өзара сыр жасырмай.

                Айқындалған келешегі

                Дос болыңдар осындай.

 

«Екі дос»  ертегісін көрсету.  

Мақал – мәтелдер айту

1.Жаман жолдастан жау жақсы.

2.Жолдастың жақындығы, жолда жүргенде білінеді.

3.Не имей 100 рублей, а имей 100 друзей.

4.Жүз қойын болғанша, жүз досың болсын.

5.Друзья познаются в беде.

6.Адал достық – өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа.

7.Дос болсаң, берік бол, досыңа серік бол.

8.Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз