Текелі қаласы «№5 орта мектеп»
КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мұратқызы Мөлдір
Тіл – қарым - қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ен алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз.
Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әр түрлі белгісіне қарап есте сақтай алады.
Сөйлеу кезінле синтагматикалық байланыста үлкен роль атқарады. Яғни, басқа сөздермен сәйкес келу негізінде, мысалы: order деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады.
Осы сөздердін тандалынып алуына сөйлеушілер арасындағы қарым – қатынас лексикалық сөздік қорлары қатысты құралдарды таңдап алу процесінде мынандай жағдайлар іске асады.
Сөздердің орнын ауыстыру және құлымын өзгерту. Мысалы: My name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып,my түрін his, her немесе my sister*s деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден, ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып 2- ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады. Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады, ал,ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу құрылымының 3 –ші бөлігі ойды жүзеге асыру бөлімі:
Сөйлеуді оқытудың мазмұны.
Сөйлеудің оқытудың мазмұны кезінде 3 компонентті бөліп ала аламыз. Олар: лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік.
Лингвистикалық бөлімнен бастасақ, сөйлеу оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бұл тілдік бірліктермен тікелей қатысты: сөз, сөз құрылысы, грамматикалық мәтін, фонетикалық минимум, т.б. Таңдалып алынған тілдік мәтін сөйлеудің алғашқы сатыларында- ақ жүзеге аса бастайды. Оқушылар тілдік материалды сөйлеу бірліктері негізінде жүзеге асырады. Олар мына түрде жүзеге асады. Олар here is the book немесе there is a lot of books on the shelf немесе what is on happy birthday to you немесе диалогты түрде келе алады.
Сөйлеуді оқытудың мазмұнының 2-ші компоненті: психологиялық компонент, яғни, экспрессивті сөйлей алу қабілеттілігімен дағдылану. Ол, мысалы: белгілі бір мәтінді оқытушыдан есту кезіндегі репродукция операциясы арқылы іске асады. Психологияда неғұрлым оқушы кішкене болса, соғұрлым бұл операция жеңіл өтеді. Мысалы: 2-ші сынып оқушылары жеке сөздер, сөз тіркестері тұрмақ белгілі бір мәтінді қағып алу қабілеттіліктері жоғары. Репродукция толық бола алады. Мысалы: толық репродукция:
Бөлшектік репродукция оқушы өз ойын жеткізу негізінде жүзеге асады. Мысалы: this is a blue pencil (Оқытушы: көк қарындашты көрсетіп тұрып айтылатын сөз).
Сөйлеудің келесі бір маңызы құбылысы бұл сөздердің грамматикалық құрылымын өзгерту. Мысалы:
- I live in Astana.
- Arman lives in Astana, деген сөзде I-to be етістігі Arman–ға өзгереді. Ол тікелей етістіктің өзгеруіне әкеліп соғады: live – lives
- Nick is reading a book. Nick leads a lot. Бұл сөйлемде Present Progressive – Present Simple – ға айналады. Грамматикалық құрылымды өзгерту кезінде сөйлеп жеткізу, лексикалық дағдылар да қалыптасады. Сөзді жеткізе алу құбылысы сөздердің мағыналарын кеңейтумен де байланысты.
Бұл құбылыс грамматикалық құрылымды өзгертумен де байланысты. Ол сондай – ақ, жадыдағы лексикалық сөздік қорға сөзді айту дағдысына ритмға, мелодикаға қатысты. Психологиялық бағдарламада экспрессивті сөйлеуге мынадай мінездеме бере аламыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі