Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы
«Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сінің
бастауыш сынып мұғалімі Жумажан Риза Адилжанқызы
Тақырыбы: Боз бие. Жаттығулармен жұмыс.
Мақсаты: 1. Оқушылардың алған алфавит жайлы білімдерін тереңдету мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу. Бие туралы түсінік беру.
2. Есте сақтау,өз ойларын жеткізе білу қаблеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Оқу жылдамдықтарын арттыру. Жазу
каллиграфияларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Төрт түлік суреттері, алфавит, мақалдар.
Әдіс-тәсілдері: Талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Психологиялық дайындық.
- Сабаққа әзірлеу.
- Балалар, бүгін ана тілі сабағы ерекше болмақ. Біздің сыныпқа көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік? Олай болса мынандай сұрақтарға жауап берейік.
1. Алфавиттің басында тұрады қай әріп? (А,Ә,Б).
2. Олардың сыры неде? (Алфавит сыры деген өленді жатқа оқу).
3. Алфавитте қанша әріп, қанша дыбыс бар? (42 әріп, 40 дыбыс).
Біз тағы не туралы оқып-біліп, үйренніп жатырмыз. (Төрт түлік туралы. Жылқы туралы).
(Суреттің беті жасырылған.Сұрақтарға жауап бере отырып, біртіндеп ашу).
1.Төрт түліктің аты және төлдерін ата?
2. Жылқы атасын ата?
3. Жылқы қандай жануар. Жылқы сүтінен не ашытады?
4. Ақан серінің тұлпарының аты қалай?
III. Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.
IV. Жаңа сабақ.
Операциялық-орындаушылық кезеңі.
- Қане балалар мына сұрақтардың астынан ненің суреті шықты? (Құлынды бие).
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Боз бие».
Оқулық, дәптермен жұмыс.
- Дәптерге күнді жазғызу.
Тақтадағы тапсырмаларды орындау
(Алфавит ретімен көшіріп жазу. Тақтада орындату).
(Алфавит ретімен оқындар).
Сергіту сәті.
V. Оқулықпен жұмыс жүргізу.
«Боз бие» өлеңін мәнерлеп оқу. Мазмұның түсіндіру.
Оқушыларға тізбектей оқыту. (Саба сөзінің мағынасын түсіндіру, суретімен таныстыру).
«Саба».
«Кім жылдам?». Ойын.
Жылдам төлдердің атын табу.
VI. Қортындылау.
Төрт түлік малдың қандай пайдасы бар? Адамдар не үшін асырайды?
VII. Бағалау. Үйге тапсырма: Өленді мәнерлеп оқу. 25-жаттығу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі