Өлең, жыр, ақындар

Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия

Шымкент қаласы

Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицей

Биология пәні мұғалімі Утешова Гулдана Алимжановна, 

жоғары санатты

 

Жаратылыстану  пәні

Сабақтың тақырыбы: Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия                                       

Сыныбы:  5

Мақсаты :

Білімділік: Диффузия ұғымымен таныстыру, заттарды сипаттау, заттардың агрегаттық түрлері, диффузияға тәжірибелер жүргізу.

Дамытушылық: Оқушыларды шапшаң ойлауға, ойларын қорыта білуге, танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Өзіне сын көзбен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Ресурстар: мультимедиялық пректор, компьютер, плакат, А3, А4, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, смайликтер

Күтілетін нәтиже: оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, икемділік және ойлау қабілеттері артады.

Сабақтың кезеңдері

Іс-әрекеттер мен қолданылатын әдіс-тәсілдер

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

а) «Шаттық шеңберін» құру

ә) топқа бөлу

Сәлемдесу. Шаттық шеңберін құруға оқушыларды ортаға шақыру

Түрлі-түсті асықтарды   таңдауды ұсынады.

Шаттық шеңберін құрады. Бір-біріне тілек айтады. «Алғырлар» және «Тапқырлар», «Ойшылдар» тобына бөлінеді.

 

Үй тапсырмасы

 

 

Сөзжұмбақ шешу

Сөзжұмбақты ұсыну

Сөзжұмбақты шешеді қорғайды.

Сұрақ-жауап

Сөзжұмбақтағы түйін сөздердің мағанасын  ашуда оқушыларға сұрақ қоя отырып, жаңа сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстырады.

Денелер дегеніміз не?

Дене неден құралады?

Заттардың қандай күйлері бар?       

Атом дегеніміз не?

Молекула дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді. Мысалдар келтіреді.

 

 

Жаңа сабақ

 

Диффузия дегеніміз - деп бір заттағы молекулалардың екінші заттардың молекулаларымен араласуын айтады. Мысалы, иіс суды ауаға таратайық,  ауада иіс пайда болды. Яғни молекулалар үнемі қозғалыста болып тұрады және ол бірдей таралады. Бұл молекулалар қозғалысының бір қасиеті.   Біз бүгінгі сабақта  диффузия құбылысының орындалу барысын  тәжірибе жүзінде жасап, молекулардың қасиеттерін анықтаймыз. Ол үшін 3 топқа арнайы нұсқаулықпен тәжірибе жасауды ұсынамын. 

 

Тәжірибелік тапсырмалар

І топ

Ас содасы мен ас сірке суының араласуы.

Стаканның үштен біріне су құямыз, бірнеше тамшы  ас сіркесуын (уксус) тамызамыз. Шай қасықтың төрттен біріндей ас содасын қосамыз.

ІІ топ

2 стаканның біреуінде ыстық, екіншісінде суық су. Екеуіне бірдей шай пакеттерін саламыз. Не байқадық? Қандай қорытынды шығарамыз?

ІІІ топ

Ішінде суы бар ыдысқа бірнеше тамшы сия құйып, араластырыңдар. Не байқадық? Қандай қорытынды шығарамыз?  

Тәжірибелік тапсырмалар бойынша алынған нәтижелерді талқылады, қорытындылайды. 

Ой қозғау

 Балалар бүгінгі сабағымызда жасалған тәжірибелер қандай заттардың арасында жүргізілді деп ойлайсыңдар?

Қай күйде молекулар қозғалысы  жылдамырақ жүрді деп ойлайсыңдар?

 Заттың үшінші күйі не деп аталады?        

Заттар қандай жағдайда бір күйден екінші күйге ауысады?

Қатты денелерде молекулалардың қозғалысын қалай байқаймыз.

Ол үшін төмендегі тәжірибелік жұмысты жасайық. 

Қызыл түсті ылғал матаны ақ түсті матамен араластырайық.  Бірнеше минут күтеміз.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті

Осы уақытта «Молекулалар қозғалысы» ойынын ұйымдастыру

Оқушылар «Молекулалар қозғалысы» ойынын ойнайды. Музыка ырғағына қарай жеке, жұптық топтасып билейді.

Бекіту

Қорытындылау

Қатты денелердегі  молекула қозғалысы бойынша оқушылардың пікірін сұрау, тыңдау

Қатты денелер арасында болатын молекулалар қозғалысы туралы жасалған тәжірибелер мен ойын туралы өз пікірлерін топта талқылайды, айтады.

Сөйлемді  жалғастыр

Молекула – ол…

Молекула неден…

Әр заттың  молекуласы…

Диффузия ол...

Қатты денелердегі диффузия

Сұйықтарда дифуззия газдарға қарағанда

Сөйлемді жалғасытыр карточкасы бойынша жұмыс жасайды. Дәптерге жазады.

 

Рефлексия

 

Кері байланыс

 

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, өз тобына және қарсы топқа баға беруді жазуды ұсыну.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу

Бағалау

 

Оқыту мен оқуды бағалау

Сабаққа және оқушыларға өз бағасын беру

 

Үй тапсырмасы

 

 

§18 оқу

Диффузияның өмірдегі  қолданыста байқалуы (эссе жазу).

 


Пікірлер (3)

Сандуғаш

Керемет сабақ жоспары

АЙГҮЛІМ

ЗАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз