Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сыныпқа арналған диктанттар жинағы

Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы 

Жинақта 2-4 сынып оқушыларының жазу дағдыларын тиісті талапқа сай қалыптасуын жетілдіру мақсатында арналған  қазақ тілі пәнінен диктантар терілген. Бұл әдістемелік құрал Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып, бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

 АЛҒЫ СӨЗ

Оқушылардың жазбаша сауатын жетілдіретін жұмыстардың бірі – диктант. Жазба жұмыстарға, оның ішінде диктант жұмысына бірінші сыныптан бастап ерекше қөңіл берген жөн.

Диктанттың буын, терме, сөөзік, көру, қатеден сақтандыру және бақылау сияқты түрлеріне оқушыларды бірінші сыныптан бастап үйрете беру керек.

Диктант – орфографиялық, пунктуациялық дағдыны тексеру құралы.

Диктант түрлері мұғалімнің алдына қойған мақсатына орай таңдалып алынады. Оқушының сауатты жазу, шығармашыл ойлау, көркем жазу, өтілген ережені меңгеруі жазылған тапсырмадан көрініп тұрары анық. Бұл болашақта жекелеген оқушылармен жұмысты қалай жүргізу керек екенін анықтауға көмектеседі.

Бастауыш буыннан ортаңғы буынға өткен оқушы келесі сатыға қиындықсыз өтсін десек, сауатты оқушы дайындауға диктант жұмыстарын тиімді қолданайық.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жасақталған диктанттар жинағы әріптестеріме ұсынамын.

ДИКТАНТТЫҢ ТҮРЛЕРІ

                 Диктант – жазу жұмысының бір түрі. Диктанттың түрлері үйрету мақсатына сәйкес әр түрлі болады.

  1. Сөздік диктант – сөзден және сөз тіркестерінен тұрады. Өтілген ережеге сәйкес беріледі.
  2. Таңдамалы диктант — өтілген ережені ойында қалдыру үшін беріледі. Мұнда оқушылар мұғалім оқыған тексттен оқыған ережелерге сәйкес сөһздерді немесе сөз тіркестерін теріп жазады.
  3. Көру диктанты – тақтаға жазылған диктантты оқушылар өздері оқиды. Анықтап қарап, ережелерге сай келетін сөздерді байқады. Мұғалім өзі оқып береді. Текст жабылады. Оқушылар жазып болған соң текст ашылады. Оқушылар өз жазғандарын текстпен салыстырып тексереді. Көру диктанты ережеге бағынбайтын сөздерді оқытқанда көп көмегін тигізеді.
  4. Ойша жазу диктанты. Оқушылар мазмұнды тексті оқып, жаттап, ережеге байланысты сөздерді ұғынған соң, есінде қалғанын ойша жазады. Оқушылар болғаннан кейін, дәптерге жазғандарын тақтадағы текст бойынша тексереді.
  5. Сақтандыру диктанты. Бұл ережелерді есте сақтау, ережені қайталау мақстында жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Тақтаға шыққан оқушылар ережеге сәйкес келетін сөздерін түсіндіріп, тақтаға жазады. Оның бәрі жазып, астын сызады. Мұндай диктанттар қиын ережелерді өткеннен кейін жазылады. Осы ережеге сай сөздердің дұрыс жазылуын алдын ала ескертіп отырады.

Түсіндірмелі диктант. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жетелейді. Бұл диктант оқушылар тақырыпты жақсы түсінген соң жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Оқушылар қайталап дәптерлеріне жазады.

 Диктанттың тексті оңай, мазмұны ойда қалатыны болуы шарт. Бұл диктантты өткізудің әдістемесі басқалардан өзгеше. Мұғалім тексті толық оқып шығады. Онан кейін мазмұны аяқталған бөлімінідегі басты ойды бөле оқиды және тексттің мазмұнын ауызша әңгімелеп тағы да тексті бөліммен оқып береді. Оқушы тексті ойында қалғаны бойынша жазады (3-5 сөйлем). Мұғалім бұл жолы оқушының мазмұнын дұрыс, текстегі басты ойды бере білгенін қадағалайды. Диктанттың бұл түрі оқушыларды сауатты жазуға грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға және оның жазу тілінің дамуына әсер етеді.

  1. Бақылау диктанты. Бір үлкен орфографиялық тақырыпты өткен соң жазылады. Тексте өткен ережеге байланысты мәтіндер беріледі, бір немесе үш грамматикалық тапсырма беруге болады.

Қорытынды бақылау жазба жұмыстары тоқсанның бірінші күні, мейрамнан кейінге және дүйсенбі күні жазылмайды. 

  1. Оқушы керек сөзді түсіндіреді. Бұл диктант арқылы көп оқушылардың тақырыпты түсінген, түсінбегені анықталады. Оқушылар орфографиялық және грамматикалық талдау жасауға үйренеді. Соңында текст тексеріледі.
  2. Көшіріп жазу диктанты. Оқушыларды қате жібермеуге, сөйлемді және оның бөліктерін толық көруге жетелейді. Алдымен оқушылар тексті тақтадан оқиды, өтілген ережелерге байланысты сөздерге түсінік береді, онан кейін тесті көшіріп жазады. Соңынан оқушылар тексеріп шығады. Мұндай диктантты өткізгенде оқушылардың сөзбен емес, толық сөйлемді көшіріп жазуын да қадағалап отыру керек.
  3. Шығармашылық диктант. Бұл үйретуші, түсіндірмелі, сақтандыру мақсатында жүргізілуі мүмкін. Оның басқалардың өзгешелігі – оқушылар сөз тіркестерін қолдана отырып текст құрайды. Мұндай жұмыстар оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ойын, сөз байлығын дамытуға және өткен материалды қайталауға жетелеп отырады. Шығармашылық диктант бірте-бірте күрделенуі керек. Алдымен сөздерден сөйлем құрауға не сөйлемді бастауға немесе аяқтауға сөздер берілуі мүмкін. Немесе тірек сөздерін беріп, белгілі бір сюжетке сөйлем құратуға болады. Алғашқы сөйлемдер ұжымдық түрде талқылануы мүмкін.
  4. Еркін диктант. Оның ерекшелігі бір ойды білдіретін бірнеше сөйлемдерді ойында қалдырады. Мұнда оқушылар сөйлемдегі ойды беретін кейбір сөздерді, сөйлемдерді басқа сөздермен бере алады. Бірақ өтілген тақырыптқа сай келетін сөздер болуы керек.

Тәуелсіздікті ардақтайық

Биыл біздің тәуелсіз ел болғанымызға жиырма жыл. Бұл аз мерзім емес. Қанша уақыт өтсе де, біз кешегі 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігі үшін орыс империясының бұғауын үзген желтоқсан ерлерінің ерлігін естен шығармауымыз керек. Себебі, біз солардың арқасында азат, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Ендеше, ағалардың қанымен келген тәуелсіздігімізді ардақтап, оны мәнгі сақтайық.

(50 сөз)

Желтоқсан жаңғырығы

Желтоқсан оқиғасына уақыт пен тарихтың өзі оң бағасын берді. Мәселең, Қайрат Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді. Басқа да көтеріліске қатысқан ерлердің атында көшелер мен мектептер бар. Елі олардың ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Желтоқсан – ерліктің, өрліктің қанымызға біткен белгісі.

(38 сөз)

Астана — әсем қала

 Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай қрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін. Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы! (54 сөз)

Тәуелсіз елдің ұланымыз

                Біз елімізді әлі де көркейту үшін талмай еңбек етуіміз қажет. Барлығы еңбекпен келетін дүние. Тәуелсіздікте сондай ауыр еңбектің нәтижесі.

Тәуелсіздіктің жолында қаза болған жандар еңбегі еш кетпек емес. Бүгінде тәуелсіз ел атанып отырғанымызға жиырма жыл. Әрине, аз уақыт емес. Осынша көп жылда біздің еліміз күннен-күнге гүлденіп, жаңару үстінде. Оның барлығы батыр аға-апаларымыздың арқасында. Ал, біз болашақ ұрпақ тәуелсіз елдің жас та, батыл да ұланымыз. Қазақстан мәртебесін өсіретін де, көркейтетін де біз боламыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.  (75 сөз)

Тіл және тәуелсіздік

 

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ата тілі, ұлттық мәдениеті болмаған ел ешқашан ел бола алмайды. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі жылдар өткен сайын өркендеп өсіп келеді. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

(54 сөз)

 Қазақстанның  рәмiздерi.

         Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Он алтынша желтоқсан  – Тәуелсіздік күні.
(32 сөз)

 Менiң Отаным.

 Он алтыншы желтоқсан – мереке. Бұл Қазақстанның тәуелсiздiк күнi. Менiң елiм – Қазақстан. Астана – жаңа қала. Алматы – мәдени астанамыз. Мен Астананы да, Алматыны да көрдiм. Астанада Қазақстанның  рәмiздерi  өте сұлу.

                                                                  (31 сөз)

 Мемлекеттiк  мереке

                 Қазақстан — тәуелсiз  мемлекет. Он  алтыншы  желтоқсан-мереке. Бұл  күнi  бiз  оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде  жиналыс. Концерттер  болады. Мен  де  концертке  қатыстым.Отаным  туралы  қазақша  ән  айттым. Маған  өз  елiмнiң  елтаңбасы, жалауы  өте  ұнайды. Мен  Қазақстанның  азаматымын. Менiң  арманым — 2030  жылы  президент  болу.

                                                                                              (41 сөз.)

 Астана.

Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.
(38 сөз.)

 Ең ұлы күн.

Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына жиырма жыл. Бұл күні мен осынау тәуелсіздік ұрпағы – біздердің болашағымыздың бақытты болуы үшін күрескен ата-бабалар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының каһармандары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова сында аға-әпкелеріміздің  рухына бас иемін.

(33 сөз)

 Отаным

Қазақстан – көрікті, жері бай өлке. Тауымыз – биік, даламыз кең. Көрікті де, бай өлкенің иесі – қазақ халқының көңілі даласындай кең, тауындай биік. Кең пейілді қазақтың жерінде  әртүрлі ұлттың өкілдері бірлік пен ынтымақта тұрып жатыр. Мен өзімнің отбасы – Отанымды, елімді сүйемін.

37 сөз

  Ана тілі

Тәуелсіз ел болуымыздың басты жетістіктерінің бірі – қазақ тілінің мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие болуы. Менің ойымша әрбір қазақ баласы ана тілін сүйіп, қастерлеп, ана тілінде сөйлеу керек.

(27 сөз)

 Астана

Астана – біздің еліміздің бас қаласы.

Отанымыздың астанасы. Бұл көрікті де үлкен қала Есіл өзенінің оң жағын ала жайласқан.

Астана жылдан – жылға көркейіп келеді. Жанадан салынған ғимараттар мен әдемі алаңдары көз тартады.

(31 сөз)

 

Республика алаңы

Алматы қаласындағы Республика алаңы – тәуелсіздігіміздің тал бесігі. Көк байрағымыз желбіреп, Елбасымыз тәуелсіздігімізді әлемге әйгілі етті. Бұл алаң әр қазақ үшін қасиетті.

(21 сөз)

 Отан

Отан дегеніміз — әр адамның туып өскен атамекені, кіндік қаны тамған жері. Отанды сүйіп, қастерлеу әр перзенттің міндеті. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

 

Қазақстан – менің Республикам!

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Өйткені, мен бүгін тәуелсіз, еркін елдің ұланымын.

(42 сөз)

Менің Отаным

Әркімнің туып өскен жері Отандеп аталады.

Қазақстан менің туған жерім, атамекенім. Оның табиғаты алуан түрлі. Онда таулар мен өзендерді, далалар мен ормандарды кездестіресін.

Біздің елімізде әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады. Олардың барлығы тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Қазақ халқы қонақжай және ұлттық дәстүрге бай.

Елімнің келешек дамуына сенде өз үлесіңді қоса аласың. Ол үшін сабақты жақсы оқып, алған біліміңді өмірде қолдана білуін керек.

(65 сөз)


Пікірлер (3)

Амангуль

Өте тамаша жинақ

Амангуль

Өте тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз