Cабақ жоспары:
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Сынып: 8 «А» Сынып бөлмесі: №12
Қолданылған модуль: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер», «Білім бері үшін бағалау және оқуды бағалау»
Оқытудың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Топтастыру», «Диалог құру»
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті: Не істеймін? |
Оқушының іс-әрекеті: |
Ресурстар: осы іс-әрекет үшін қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық және т.б қажет? |
2 |
Оқу мақсатын алға қою сұралды. Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру. Мұғалім сәлемдесті, ауа-райын, көңілдерін сұрады. |
Оқушы идеясын қосты.
Өзара әрекеттесу арқылы сұхбаттасу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. |
|
2 |
Топқа бөлу. Оқушыларға аққу, табиғат, ана тақырыбындағы суреттер таратылады, тақырыпқа негізделген суреттер бойынша оқушылар өз таңдауларына байланысты үш топқа бөлінеді. |
Ынтымақтастық қарым-қатынаста шағын топқа бөлінді. Бес оқушыдан үш топқа бөлінді. |
Тақырыптық суреттер топтамасы (аққу, табиғат, ана), макет, картина |
5 |
Топ ұстанымын құруға бағыт берді. Неліктен шағын топқа бөліндік, шағын топқа бөлінудің мәні неде деп ойлайсыздар, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады деген сұрақ реттері қойылады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы шағын топтың ережесін құрып, тұстарына іліп қойды. |
Плакаттар, маркерлер. |
5 |
Үй тапсырмасын қайталау мақсатында оқушыларға ой қозғау сұрақтары ұсынылады. Тапсырма барлық топтарға бірдей беріледі. - Қазақ халқының тіртуар ұлы ақыны Мұқағали кім?Ақиық ақын туралы не білеміз?Қай жерде, қай жылы дүниеге келген?Қандай шығармаларын білеміз? (Интерактивті тақтада бір топтан бір оқушы шығып слайд қорғайды) |
Оқушылар жеке, жұпта, топта ой қозғап, жинақтайды, пікірлерін айтады. Ортақ ойды кластерге түсірді. Үш топ ойларын қорғайды. |
Маркер, ватман, түрлі түсті суреттер |
1 |
Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалау іс-әрекетін жүзеге асырады. |
Түрлі стикерлер арқылы бағалау әрекетін іске асырды. |
Түрлі түсті формадағы стикерлер |
8 |
Ой қозғау. Ой шақыру. Балалар мына суреттерге көңіл аударсақ... (Аққу, табиғат, ана)Не себептен бұл суреттер көрсетілді?
- Олай болса, құрметті оқушылар! Мұқағали ақын кейінгі ұрпаққа аманат етіп кеткен, өсиетін ескере отырып поэманы талдасақ. Мен сендерге алдын-ала оқып келуге «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тапсырған болатынмын. Сонда поэма дегеніміз не? (Оқушылар әдебиет теориясынан алған білімдерін ортаға салады)
Уәждеме бағалау түрін іске асыру тапсырмасы беріледі. Бір-бірінің еңбектерін іс-әрекет арқылы бағалайды. |
Оқушылар жеке жұмыс істейді, жұпта, топта ой қозғап, жинақтайды. Ойларын ортаға салып қорғау әрекетін іске асырады. «Аққу» тобы аққуды атуға болмайтындығын, көлдің сәні – аққулар. Аққу киесі оңдырмайтындығын жақтау әрекетін, «Ана» тобы Ана – махаббатымен құдіретті. Бәрі де адам үшін жаратылған. Наным-сенімнен де ана махаббаты әрдайым биік, құдіреттілігін айту әрекетін іске асырады. «Табиғат» тобы екі топтың ойларын қорытындылайды, баға беру әрекетін іске асырады.
Оқушылар өзара бірінің жауабын бірі бағалау әрекетін жүзеге асырды |
Жұмыс дәптері, оқулық |
4
|
«Үш оқушымен кеңес» А-сұрақ қоюшы, В-жауап беруші, С-жазып алушылар арасында сұхбаттасу. 3 топқа бірдей «Табиғат жанашырлары туралы ойым...» тақырыбында сұхбаттасуды ұсынады.
Бағалау түрін іске асыру тапсырмасы беріледі. Сабаққа қатысып отырған көрермендер бағалайды. |
Оқушылар А-сұрақ қоюшы, В-жауап беруші, С-жазып алушы әрекетіне түсіп, сұхбаттасу үлгісін көрсетті. Әр топ өзінің сұхбатын құрды.
Көрермен бағалау әрекетін жүзеге асырды |
Глоссарий (Тірек сөздер) адам, аялау, құстар, аққу, жылқышы қарт т.б
|
7
|
Оқулықпен жұмыс. Поэманы түсіну үшін шығармадағы әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөз тіркесі мен сөйлемдерді табу ұсынады. |
Оқушылар әуелі жеке, одан кейін жұппен, одан әрі топта ой бөлісу әрекетін жүзеге асырды.
|
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
|
7
|
Проблемаға шығу. Зерттеу жұмысын ұсынады.
|
Әр топ тақырыпты ашу әрекетін іске асырды. Оқушылар топтық жұмыста тақырыптарды өздері тапты. Сұлулық
Махаббат
Қасірет |
Оқулық, дәптер, қарындаш
|
2 |
Қорытындылау. а) Сабақ барысындағы еңбегіне қатысын бағалады. Қателесіп, не болмаса тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларды да ынталандыру. ә) үй тапсырмасы: 1.«Жетім көл аққулары»- эссе жазу. 2. «Аққуға атылған оқ» әңгіме диалог құру
|
Бағалау парағына өзінің еңбегіне қалыптастырушы бағалау жүргізді.
Алдағы уақытта эссе, диалог жұмысын орындау қажеттілігін түсінді. |
Бағалау парағы |
2 |
Рефлексия
Мұғалім стикерлер таратады. |
Не ұнады? / Ұсыныс --------------------------------- Оқушылар сабақ барысында не ұнады, ұсыныстарын, пікірлерін жазды. |
Сары, жасыл түсті стикерлер |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі