Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Белес ауылы
Белес ЖОБМ балабақшасының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мендыгазиева Аксамал Муратовна
Сынып: 7а |
күні: |
Бекітемін: |
|
Тақырыбы |
М.Әуезов «Көксерек» |
||
Сілтеме |
Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретені мектептің 7- сыныбына арналған оқулық Қ.Әбдезұлы, С.Тұрсынғалиева Астана: «Арман –ПВ», 2012ж. |
||
Мақсаты |
Әңгімені оқу және жазу арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлап,талқылауға үйрету. Оқушылардың ойлау белсенділіктерін дамыту, өз ойларын топта еркін жеткізе алуға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу. |
||
Күтілетін нәтиже |
Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді. Кейіпкерлер туралы сыни пікір айтады, бірлесе жұмыс атқарып, қорытынды шығарады. Әңгіме желісі бойынша түсірілген фильм туралы мәлімет алады. Әңгімені әдеби теориялық тұрғыда талдап,жазушының айтпақ ойын өмірмен байланыстыра түсіндіре алады. |
||
Көрнекілігі |
Мультимедиялық проектор, презентация, флипчарт, стикер, суреттер |
||
Әдіс-тәсілдер |
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, кластер, екі жақты күнделік, «Т» кестесі, төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар стратегиясы. |
||
Сабақтың барысы |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
Кіріспе |
Топ жетекшілеріне бағалау парақтары таратылады. |
Амандасады. Кезекші оқушы сұрақтарға жауап береді,топ басшылары берілген атауларды таңдап,топ аттары анықталады. |
|
Тұсаукесер |
Үй тапсырмасы: Білу «Сауалдар шеңбері» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Әр топ бір-біріне топ атына сәйкес әңгіме желісі бойынша 2 сұрақ қояды. Мысалы: «Көксерек» тобы «Құрмаш» тобына: 1. Құрмаш Көксеректі қалай өсірді? 2. Ол ауыл иттерінен Көксеректі қалай қорғады? «Құрмаш» тобы «Табиғат» тобына: 1. Әңгімеде Қараадыр елінің табиғаты қалай суреттеледі? 2. Табиға тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? |
Ойды жинақтау. Оқушылар өткен сабақта өтілген мағлұмат пен деректердi еске түсiредi Сабаққа қызығушылығы оянады, әрқайсысы сұрақ қоюға тырысады. Әр топтың жауабы «үш шапалақпен » бағаланады. |
|
Негізгі бөлім |
Түсіну «Көксерек» фильмінен үзінді көрсетіледі. - Фильм мен әңгіме арасында байланыс бар ма? - Фильмді көру барысында өздерің оқыған оқиғаларды кездестірдіңдер ме? - Фильмдегі қандай оқиғалар оқулықта кездеспеді? Ендеше, осы әңгіме мазмұнын толық түсінгенімізді шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау арқылы көрсетейік. Оқушылар жауабынан соң проектор арқылы әңгіме құрылысы туралы слайдтар көрсетіледі. Қолдану «Кубизм» стратегиясы арқылы әңгіменің тақырыбы мен идеясына талдау жасалынады. 1. Суреттеңіз.Көксеректің портретін суреттеңіз 2. Салыстырыңыз. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз 3. Қолданыңыз.Көксерек туралы ел адамдары не дейді? 4. Дәлелдеңіз.Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз? 5. Зерттеңіз. Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады? 6.Талдаңыз.Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар? Талдау Әңгімені талдау бағытында жоғары дәрежелі сұрақтар беріледі.Әрсұрақты топтан бір оқушы таңдап, «автор орындығына» отыру арқылы жауап береді. 1. Қалай ойлайсыңдар әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма? 2. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ? 3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты? 4. Қазіргі кездегі адамдардың қасқырларға көзқарасы туралы не айтасыз? |
Оқушылар берілген сұрақтарға ойланып,жауап береді,сұрақтар арқылы шығарма мазмұны қамтылады.
Әр топ осы тапсырма бойынша постер қоғайды.
Әртоптан бір оқушы шығып, кубикті иіру арқылы тапсырманы анықтайды. 4 топ 4 түрлі тапсырмаға жауап бергеннен кейін кубиктің қалған 2 қырының тапсырмасы жалпы сыныпқа қойылады.
Әрсұрақты топтан бір оқушы таңдап, «автор орындығына» отыру арқылы жауап береді. Жоғары дәрежелі сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып,өз пікірлерін білдіреді |
|
Қорытынды |
Жинақтау Әр топ өз атына сай 5 жолды өлең құрастыру. «Көксерек» тобы Көксерек сөзіне «Құрмаш» тобы Құрмаш сөзіне «Табиғат» тобы табиғат сөзіне «Адам» тобы адам сөзіне Бағалау Әңгіме мазмұнына сай 4 топқа 4 түрлі сурет таратылады, суретке сай мақал-мәтелдер айту. Топ басшылары бағалау парағы бойынша бағалайды. Мұғалім қорытынды баға қояды. |
Топпен жұмыс жасап, әр топ өз ойларын жинақтап, 5 жолды өлең құрастырады. әр топтан бір оқушы оқиды
Суретпен жұмыстанып, әңгіме мазмұнына сай, суретке сай мақал-мәтелдер айтады. |
|
Үйге тапсырма |
«Табиғатты аялай білейік» тақырыбына шығарма жазу |
Күнделіктеріне жазады |
|
Рефлексия |
Топ атауларын бүгінгі сабақпен байланыстырып қорытады. «Менің білгенімнің ең маңыздысы» деген тақырыпқа өз ойларын стикерге жазу арқылы қорытындылау |
Стикерге өзіндік қорытынды ойларын жазады. |
|
Сабақты талдау |
Сабақ мақсатына жетті. Сәтті тұстары: фильмнен көрсетілген үзінді бойынша өз ойларын айту, пікірталас сұрақтарына бүгінгі күнмен байланыстырып,өз ойларын айту, 5 жолды өлеңдерін оқу. Қорытынды: бағалау түрлерін жетілдіру, уақытты тиімді пайдалану. |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі