Өлең, жыр, ақындар

Ақылдылар мен тапқырлар сайысы

«Дарын» мектеп – балабақша гимназиясы

Жүргізген  тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

Ақтау қаласы 2016 жыл

          

Мақсаты: Оқу іс-әрекетінің  әр саласынан білімдерін кеңейту. Балалардың  ой- өрісін, қиялдарын  дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік  қорын молайту. Сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілігі:

  • нөмірленген  асықтар
  • слайд бейнепроектор
  • үнтаспа
  • құрастыру құралдары.

Тәрбиеші:

-Армысыздар, құрметті қонақтар!

                                Күндей жадырап,жұлдыздай жарқырап,

                                Судай мөлдір, таза көңілмен бүгінгі

                               «Ақылдылар  мен тапқырлар» –сайысын  ашық  деп  жариялаймын.

Ортаға 1-ші «Достар» тобын,  2-ші «Тұлпар»  тобын шақырамын.

Тәрбиеші:  

- Сайысымыз 6  бөлімнен  тұрады.               

 1-ші бөлім: Екі  топ  басшыларын  таныстыру.

 2-ші  бөлім: Бәйге, сұрағын оқимын,сендердің  сұраққа  жауап берулерің, шапшаңдықтарың  белгілі  болады.

 3-ші бөлім: Тапқырлар сайысы.Қойылған сұрақтарға жауап  беру.

 4-ші бөлім: Бейнетаспадағы  тапсырма. Қай ертегіден үзінді?

 5-ші бөлім: Құрастыру.Бір  затты екі  тәсілмен құрастыру.  

 6-шы бөлім: Полиглоттар. Ағылшын тілінде сөздік жұмыс.        

  Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар  алқасымен таныстырамын.

  Әділқазылар алқасы қонақтардан сайланады.

  Әділқазылар  мүшесінің төрайымы:

  Көмекшілері:

  Енді жеребе тастайық. Ендеше, мына қоржынның  ішінен нөмірленген  асықты алып сайысты қай топ бастайтынын білейік.

 1-ші бөлім:  Екі топ басшыларын таныстыру

  «Достар» тобы ұраны:

                                      Достар бірге  жүреміз,

                                      Бірге ойнаймыз, күлеміз.

                                      Бірге  сабақ  оқимыз.

                                      Міне,біздер қандаймыз!

                                      Бөлінбейді  іргеміз,

                                      Әрқашанда біргеміз.

  «Тұлпар» тобына бізден жалынды сәлем!

«Тұлпар» тобы   ұраны:                                     

                                       Шын жүйріктер сыналады жарыста,

                                       Жарыстың ба, орта жолда  қалыспа.

                                       Тұлпарша жүйткіп шабатын,

                                       Тұлпар тобы – жарыста.

«Достар» тобына бізден жалынды сәлем!

Тәрбиеші:  

-  Кімдер жүйрік, білімпаз біз білейік.

    Бақшамыздың  жеңімпазы деп жүрейік.

    Қазылардан тек қана  әділдікті,

    Ал сайыскерлерге  сәттілік тілейік!

    /Балалар  өздерін таныстырып  болған  соң, дөңгелек үстел басына  отырады./

1-ші «Достар» тобының сұрақтары.

2-ші  бөлім:   Бәйге, сұрағын оқимын, сендердің  сұраққа  жауап берулерің, шапшаңдықтарың  белгілі  болады.

        Есеп:

  1. Қай сан көп 5 немесе 7?  / 7/
  2. Бүтін көп пе бөлік көп пе?  /бүтін/
  3. 2+6 қосындысы?  /8/
  4. Дөңгелек бұрыштарымен болады ма?  /жоқ/
  5. 7-1 айырмасы? /6/

           Қоршаған  дүниемен  таныстыру.

  1. Қыста қай аңдар ұйықтайды?  / қоңыр аю, кірпі/
  2. Ақтау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан? /Каспий/.
  3. Байланыс құралдарын ата? /телефон, компьютер, факс, хат, құттықтау хаттары/. 
  4. Бейбітшілік  құсын ата? /ақкөгершін/
  5. 12 ай нені құрайды?  / жыл /.

            Сауат ашу.

  1. Дыбыс  дегеніміз  не?  /Дыбысты естиміз, айтамыз/
  2. Сөйлемдердің соңында  қандай белгі тұрады?    / нүкте/
  3. Әріп дегеніміз  не?    /дыбысты таңбалайтын таңба/
  4. Сөз ойла.  /дыбыстық талдауға сөз ойла  - таға, бақа ..../
  5. Бейне  таспадағы сөзді буынға бөліп оқып бер. /Достар/

 

3-ші бөлім.  Тапқырлар сайысы.

  1. Үстел үстінде 2 алма, 2 алмұрт  жатыр, үстел үстіндегі  көкөністердің санын айт?   /жоқ/
  2. Кесе, қазан, сандық,  қасық, тәрелке, құман –аталған заттардың қайсысы ыдысқа жатпайды?   /сандық/.
  3. Әкеңнің әкесі кім?  /Ата/.
  4. Қадай жыртқыш аң  құлпынаймен  қоректенеді? /аю/.
  5. Үстел үстінде 3 кесе  қант тұр, соның  2-ін төгіп алды. Үстел үстінде неше  кесе қалды? / 3 кесе/
  6. Адам не  жетіспегенде өмір сүре алмайды? /ауа/
  7. Әжейдің  немересі Айгүл, күшігі Ақтөс,мысығы  бар.Әжейдің неше немересі  бар?  /бір  немересі/
  8. Ертегідегі  бауырсақтың  шашының  түсі  қандай?  /жоқ/
  9. Бос ыдыстың  ішінде неше жаңғақ  бар? / Жоқ/.
  10. Тасбақа барлығынан  озып шығады  дейді. Осы рас па?/жоқ/      

Тәрбиеші:   

-Көңіліміз қаласа,

 Сыртқа шығып таласа.

 Қар  лақтырып ойнаймыз.

 Қыстың күні тамаша.

Сергіту сәті: «Қатып қал»

Дәрумендік  үзіліс.  ( алма тосабын  ішу)

     

4-шы бөлім.  Бейнетаспадағы  тапсырма.

1-ші тапсырма:  Оқыған үзіндіден ертегінің атын табу.   

-Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап  ұшып келе жатқанда  Дәуітті кездестірді.

- Сүйкімді  достым, неге  зарлана жылайсың?-деп сұрады  Дәуіт Қарлығаштан. /Қарлығаш пен Дәуіт/

2-ші тапсырма: Мақал мәтелді аяқта. Дені саудың,  /жаны сау/

 

5-ші бөлім.  Үлгіге  қарап  бір затты  екі  тәсілмен  құрастыру.

6-шы бөлім.  Полиглоттар. Ағылшын – қазақ –орыс  тілдерінде       

 

 2-ші «Тұлпар»  тобының  сұрақтары.

2-ші  бөлім:  Бәйге, сұрағын оқимын, сендердің  сұраққа  жауап берулерің,  шапшаңдықтарың  белгілі  болады.

       Есеп.

  1. 7 санына байланысты қандай ұғымдар бар? /жеті киелі сан/
  2. Қай пішінге  4 -деген сан лайық?   /шаршы, төртбұрыш/
  3. Аптаның үшінші күні қалай аталады? /сәрсенбі/
  4. 7+3 қосындысы? /10/
  5. 5 санның көршілерін ата? / 4-6/.

      

       Қоршаған  дүниемен  таныстыру.

  1. Біздің Республикамыз қалай аталады? /Қазақстан/
  2. Тиін  немен қоректенеді? /жаңғақ/
  3. Сиыр – бұзау, жылқы –құлын, ешкі -  ?/лақ /
  4. Бағдаршам не үшін қажет?  /жол тәртібін реттеу үшін/
  5. Сен қай балабақшаға барасың? /«Дарын» гимназиясына/

    

        Сауат ашу                

  1. Ата сөзінде неше  буын бар? /екі/
  2. Қай сөздер бас әріппен жазылады? /адамның есімдері, қаланың аттары/
  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді? /екіге/
  4. Сөз ойла.  /дыбыстық талдауға сөз ойла  - тан, нан, лақ ..../
  5.  Бейне таспадағы сөзді буынға бөліп оқып бер. /Ана/

3-ші бөлім.  Тапқырлар сайысы.

  1. Табақта үш алма, қолымда екі алма. Қосқанда барлығы, болады неше алма?  /бес алма/
  2. Кітап неден жасалған? /қағаздан/
  3. Анаңның анасы саған кім болады?  /Әже/
  4. Екі қойдың неше аяғы бар? /8/
  5. Кітап, дәптер, тон,  қалам, қарындаш – аталған заттардың қайсысы оқу  құралына  жатпайды?  / тон/
  6. Екі қолымызда неше саусақ бар?  /он саусақ/.
  7. Үйге келді Мадияр, оған қоса Алдияр, кейін келді Адина. Қанша болды үйде бала?  /Үш бала/
  8. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?  /3 минутта/
  9.  4 санның құрамын ата?  / 2+2, 3+1, 0+4/
  10. Біздің ғаламшарымыз қалай аталады? / Жер/

4-шы бөлім. Бейнетаспадағы тапсырма.  

1-ші тапсырма:  Оқыған үзіндіден ертегінің атын табу.     

Баласы көшеге шығысымен-ақ  шақыр деген кісілердің  аты-жөнін  ұмытып  қалады. Үйге барып, қайыра сұрауға бата алмайды. Ол  тұрып-тұрып: «Ауылдың адамын тегіс шақырайын, солармен шақыр деген адамдары да келер»,-деп ойлады.  /Қайырымды қоян/

 2-ші  тапсырма:  Мақал-мәтелді аяқта.

Денсаулық -    /зор байлық/

 

5-шы бөлім. Үлгіге қарап бір затты екі тәсілмен құрастыру

6-шы бөлім. Полиглоттар. Ағылшын – қазақ –орыс тілдерінде            

 Тәрбиеші:

- Құрметті  қонақтар,  бүгінгі сайысты  жабық деп  жариялай отырып, балалардың  орындауында  «Бақшадағы  достарым» әнін қабыл    алыңыздар.

Балл санау. Қорытындылау. Марапаттау.


Пікірлер (2)

касымова галия

жаксы сайыс сабак екен

Пікір қалдырыңыз