ОҚО Шымкент қаласы
Қаратау ауданы
Таскен тұрғын алабы
№103 жалпы орта мектеп
жанындағы шағын орталық
тәрбиешісі: Исабекова Салтанат
Білім ержүрек адамның тәжі мен даналықтың алтын алқасы деп халқымыз тегін айтпаса керек. Сол білімділік пен тәрбиеліктің нәрі мектеп табалдырығын әлі аттамаған сәби үшін ана сүті мен тәлім – тәрбие орны балабақшадан басталады. Сол ортадағы мейірімділік пен үлкен қамқорлыққа толы қызмет көрсетуші тәрбиешілердің сәбилердің саналы да тәрбиелі ұрпақ болып қалыптасуына тигізер әсері мол. Жалпы балабақшадағы тәлім-тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы. Өйткені әр азаматтың салауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуына негізі балабақшада қаланады. Осындай тәрбие орнының бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданы Таскен ауылындағы № 103 жалпы орта мектебінің жанындағы шағын орталығының алдына қойған рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын, жерін, табиғатын қорғай алатын елжанды азамат тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланыста екендігін және мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі болып табылатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту топтарда «Балапан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық әлеуметтік орта. Осы салалар бойынша жылдық жоспар құрылып, жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әр топта шығармашылық бұрышы, көркем әдебиет бұрыштары жасалған. Табиғат бұрыштары да бар, балалар үй өсімдіктерін апайларының көмегімен бірге өсіп, оны бақылайды. Оқу мазмұны мен әдістерін таңдау да педагогикалық мақсаты сәйкес, бала дамуының әр кезеңдегі өзіндік құндылығын жас ерекшелігін еске алып отырамыз. Сондай-ақ балалардың денсаулығын қадағалап отыру үшін медбике қызмет етеді. Таңертеңгілік жаттығу шаралары мен жүру жағымды иіс терапиясы, серуенді бақылауды жүзеге асырады. Бала денсаулығы – басты назарда. Баланың жан дүниесіне үңіліп, онымен жақсы қарым – қатынас жасау үшін балабақшаға тез бейімделуіне септігін тигізу үшін ата – аналармен кеңестер, отырыстар, жиналыстар өткізілді. Бала жүрегінің алтын кілтін ашу мақсатында көптеген жұмыстар істеледі. Атап айтқанда психологиялық тренингтер, ашық сабақтар, ойындар ертегілік қойылымдар өткізіледі. Бала – бақша тәрбиешілері жыл сайын өз білімдерін көрсетіп отырады. Әр сабақтарын қызықты, тартымды өткізуге тырысады. Ойын арқылы баланың жан-жақты дамуын ұйымдастырады. Өзара - пікір алмасу арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасып тұрады. Өз білімдерімен бөліседі. Балабақшада, сонымен қатар, мерекелік іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады. Мысалы, «Алтын күз», «Менің Отаным Қазақстан», «Жасыл шырша жанында», «Менің отбасым», «1 маусым балаларды қорғау күні», «Қош бол, балабақша !» т.б. байқаулар ата-аналармен, тәрбиеленушілермен жиі өткізіліп тұрады. Балабақшадан кейін мектеп табалдырығын аттаған балалардың сана-сезімі, белсенділігі, ойлау қабілеттері жоғары деңгейде. «Балапан» бағдарламасы аясында жасалып жатқан игі істердің куәсі бола отырып, оны әрі қарай дамыта түсу – біздің басты міндетіміз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі