Өлең, жыр, ақындар

Құрмалас сөйлем

Алматы облысы Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі» МКМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна

 

Пән мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна

Күні

 

Сабақтың тақырыбы

Құрмалас сөйлем

Сілтеме

Оқулық 4-сынып қазақ тілі,Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бағдарлама

Жалпы мақсаттар

 Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлемнен өзгешелігін байқату. Байланыстырып  сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.

Оқыту нәтижесі

 Құрмалас сөйлем туралы түсінік қалыптасады. Сөйлемдердің жай немесе құрмалас екенін дәлелдеу арқылы ажырата алады. Сызба бойынша құрмалас сөйлем құрап жаза алады, оның тыныс белгісін қоя білуге үйренеді.

Түйінді идеялар

Сөздік қоры молаяды. Оқушы өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттері дамиды.

Тапсырмалар

1. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқып, өзара салыстыру.(№2 слайд)

2. "Жалғасын тап" ойыны. (№3 слайд)

3. Топтық жұмыс.  Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу. (№4 слайд)

4. Топтық жұмыс. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазу. Оның  жай немесе құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу. (№5 слайд)

5. «Күз» тақырыбына сурет салып, салған сурет бойынша шағын шығарма жазу.

 

Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру.

 

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Алға қарай самғайық,

Екілікті алмайық

 

Топқа бөлу түстер арқылы. (3 мин.)

Оқушылар түстерді таңдай отырып топқа бөлінеді.

 

1-тапсырма. 8 мин. (№1-2 слайд)Оқушылар ребусты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқып, өзара салыстыру. Бір-бірінен өзгешелігін, әрқайсысында қанша ой берілгенін, олардың тыныс белгілеріне көңіл аударта, мысал келтіре отырып сұрақ-жауап әдісі арқылы құрмалас сөйлемнің ережесін құру.

 

2-тапсырма.5мин.(№3 слайд) "Жалғасын тап"ойыны. Топтық жұмыс.

Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Келесі бөлігін табу арқылы, құрмалас сөйлем туралы білімдерін жетілдіру

                                   

1-топ.     Ол бүгін ерте келіп, ...    .

2-топ.     Лезде аспанды бұлт торлап, ...    .

3-топ.     Жаз ыстық болса,  ...   .

4-топ.     Күн жылынып,  ...    .

 

3-тапсырма. 6 мин. (№4 слайд) Топтық жұмыс.

Сөйлемдерді көшіріп жазу. Құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу арқылы ой-өрісін дамыту.

 

1-топ. Лезде күн бұлттанып, сәлден соң жаңбыр жауа бастады.

2-топ. Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті.

3-топ. Бекен жалт қараса, келіп тұрған Кемел екен.

4-топ. Шолпан орысша сұрап еді, Таня қазақша жауап беді.

 

4-тапсырма. 8 мин. (№5 слайд) Топтық жұмыс.

Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазу. Оның жай немесе құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.

5-тапсырма. (10 мин.)

Оқушының табиғатты қағаз бетіне бейнелеп, сол бойынша өз ойын жазбаша түрде жеткізе білуі арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

 

Барлық оқушылар тақырыпқа сай сурет салып, салған суреті бойынша шығарма жазады, жұмысын қорғайды.

                                                                                                                                     

Үйге тапсырма

53-бет. 16-жаттығу. Ертегі құрастырып келу. Құраған ертегіден жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді табу, дәлелдеу.

Бағалау

Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Критерилер арқылы бағаланады. (3 мин.)

Қорытынды

Не білдім? Нені үйрендім? Оқушылар өз ойларын стикерге жазып жабыстырады. (2 мин.)

 


Пікірлер (2)

alfiya1980

Рахмет.Сайттан  мұғалім үшін де, оқушы үшін де көп нәрсе алуға болады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз