Өлең, жыр, ақындар

Сөйлем мүшелері

Алматы облысы Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі» МКМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна

 

Пән мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна

Күні

 

Сабақтың тақырыбы

 Сөйлем мүшелері

Сілтеме

Оқулық 4-сынып, қазақ тілі, Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бағдарлама

Жалпы мақсаттар

 Сөйлем мүшелері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың өздеріне сөйлем мүшесіне талдауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту.

Оқыту нәтижесі

 Сөйлем мүшесіне талдай алады. Тұрлаулы, тұрлаусыз  мүшесін ажырата алады. Сурет бойынша әңгіме құрау арқылы байланыстырып сөйлеуі, тілдік қоры дамиды.

Түйінді идеялар

 Оқушылар жұпта, топта жұмыс істеуге дағдыланады.

Түрлі тапсырмалар орындау арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады.

Тапсырмалар

1. Суретке қарап әңгіме құрау.  (ауызша)

2. Кестені толтыру. Топтық жұмыста, постер әдісімен.

3. "Менің отбасым" тақырыбында сурет салып, шағын әңгіме құрап жазу.

4. Мақалдарды жатқа жазып, сөйлем мүшесіне талдау.

5. Топтық жұмыс. "Мұз айдыны"тақырыбына берілген сызба бойынша әңгіме құрау.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру.

Армысың, алтын күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым бос.

 

Топқа бөліну.  Оқушыларды санау арқылы топқа бөлу. (3 мин.)

 

1-тапсырма. (5 мин.) Суретпен жұмыс.

Мақсаты:

Сурет бойынша әңгіме (ауызша) құрау арқылы ой-өрісі, байланыстырып сөйлеуі, тілдік қоры дамиды.

 

Оқушылар өз отбасы жайлы әңгіме құрап айтады. Отбасында кім тұрады және оның мүшелері жайлы.

 

2-тапсырма. (8 мин №1 слайд)

Мақсаты:

Кестенің бос жерлерін толтыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауы артып, топтық жұмыста жұмыс жасауға дағдыланады.

 

Барлық кестені толтырып, қорғайды.

 

3-тапсырма. (8 мин) Жұптық жұмыс.

Мақсаты:

Жұптық жұмыста сурет салып, сурет бойынша әңгіме құрау арқылы оқушы ойын жүйелі түрде айтуға жаттығады.

 

«Менің отбасым» тақырыбында бір оқушы сурет салса, екіншісі әңгіме құрап жазады.

 

4-тапсырма. (6 мин. №3 слайд)

Мақсаты:

Мақалды жатқа жазу арқылы ой-өрісі дамып, жазба тілі қалыптасады.Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап үйренеді.

 

1-топ.                                                               2-топ

Ойлаумен ой толады,                              Қына тасқа бітеді,

Ойнаумен бой толады.                            Білім басқа бітеді.

 

3-топ.

Ақыл көпке жеткізер,                                    4-топ

Өнер көкке жеткізер.                                Өнерлі өрге жүзеді.

 

5-тапсырма. Топтық жұмыс (8 мин.)

Мақсаты:

Сызба бойынша әңгіме құрап жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту.

 

Барлық топ берілген сызба бойынша әңгіме құрап жазып, қорғайды.

 

Үйге тапсырма

34-жаттығу, 58-бет

Бағалау

Топта бір-бірін бағалайды. Критерийлер арқылы бағаланады.  (2 мин.)

Қорытынды

Не білдім? Нені үйрендім? Өтілген сабақ бойынша диалог құру. (5 мин.)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз