Шолақсор орта мектебі
Информатика пән мұғалімі:
Муханова Динара Куанышевна
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, Activ Inspire тапсырмалары.
Қатысушылар: 5,6,7,8,9 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Муханова Динара
Әділқазылар мүшелері: Математика, физика пән мұғалімдерінен құралған мүше.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Тапқыр информатик» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушыларды екі тоқа бөлу. 1-топ «Интернет», 2-топ «Ақпарат».
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырамыз (Слайд шоу)
Сайыс кезеңдері.
1-кезең. “Таныстыру”
2-кезең. “Бәйге!”
3-кезең. “Полиглот”
4-кезең. “Адасқан әріптер”
5-кезең. “Ойлан, тап!”
6-кезең. “Ғажайып сурет”
7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”
Көрермен жиналған бұл тамашаға ,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.
I-кезең. Таныстыру (5 ұпай)
Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.
2 - кезең. ”Бәйге” . Бұл кезеңде әр топқа 12 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз сұрақтарына жауап береді. Әр сұрақтың бағалануы – 5 ұпай.
«Интернет» тобының сұрақтары
«Ақпарат» тобының сұрақтары:
3-кезең. Полиглот . Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша, орысша, ағылшынша). (5,10,15 ұпай)
1-топ. Интернет
1) ...кеме білім теңіз?/мектеп, школа, school/
2) Өнер алды қызыл .../тіл, язык, landuade/
3) Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/
4) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/
2-топ. Ақпарат
1) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка, mouse/
2) Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/
3) Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/
4) Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/
4-кезең «Адасқан әріптер». Бұл кезеңде әріптерді өз орнына қою керек.(5 ұпай)
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
5-кезең «Ойлан, тап!» Төменде тапсырмалар берілген. Әр топқа 9 сұрақтан беріледі. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады. (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан).
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
6-кезең. “Ғажайып сурет”. Бұл кезеңде компьютер құрылғыларының суреттері көрсетіледі, құрылғылардың атауын және атқаратын қызметін айту қажет. (5,10 ұпай).
7-кезең. “Байқағыштығыңды байқат!”.Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 2 минут ішінде табу қажет. Әр топтың айырмашылықтарды табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға – 10 ұпай.
Жетпесіне жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға-мың алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.
Қорытындылау!
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз алғыс бүгін
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!
Айна
Сайыс сабақ жақсы жасалған.
Жазира
Сайыс жақсы қалай көшіруге болады
Сара
Копи паст етіп көшіресің да)